Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4747 0 пікір 28 Наурыз, 2016 сағат 14:10

АЛМАТЫ - 1000 ЖЫЛ. ҚАЛА КӨШЕЛЕРІН БАЛАЛАР БЕЗЕНДІРЕДІ

Биыл Алматының 1000 жылдық мерейтойын тойлауға Орта Азия, алыс жақын шетелден келетін суретшілер де өз үлесін қоспақ, - деп жазады Қазақпарат сайты.

Мерейтойды тойлау жоспары аясында сәуірде «Муралы Алматы» ғимараттардың қасбетін көркем суретпен безендіру фестивалі басталады.

Сәуір бойы қаладағы көрнекті ғимараттар мен тұрғын үйлердің қасбеттері суретшілердің туындыларымен безендірілетін болады. Оның ішінде жас суретшілердің өнері де сыналады.

Жоба бойынша барлық аудандар қамтылмақ. Шығармашылық тақырыбы Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толуын, Универсиада мен ЭКСПО халқаралық шараларын, Алматының 1000 жылдық мерейтойын қамтитын болады.

Айта кету керек, осы мақсатта қалаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген бала жиналды. «Көне де жас Алматы» фестивалі барысында балалар бейнелеу өнерінен өз шеберліктерін тек қағаз бетінде ғана емес, қалалық нысандарда да бақылап көрмек.

Бұған дейін де Алматыда осы тектес мәдени шаралар өткенін айта кету керек.

«Бұл фестиваль бұрынғы өткен мәдени шаралардың дәстүрлі жалғасы. Медеу мен Шымбұлақтың арасын көркем безендіру туралы идея әкімге есепті кездесу кезінде айтылды. Әкім идеяны қолдады. Акция «Сүйкімді балалардан  сүйікті Алматыға» деп аталды. Егер, бұрын тек ғимараттардың қоршауын, қабырғаларды ғана безендірсек, биыл ғимараттардың қасбетін де әрлейтін боламыз. Бұл жұмысқа әрине, кәсіби суретшілер кіріседі», - деді «Балалар бейбітшілікті бейнелейді» қоғамдық қорының директоры Мөлдір Бекжан.

Жас суретшілердің жұмысын Медеуден Шымбұлаққа бағытталған жолда, №2 балалар клиникалық ауруханасының сыртында, Оқушылар сарайының ертегілер залында, №2 балалар үйінің ішкі дәлізінде, «Үміт» үйінің табиғи бұрышында, Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінің сыртқы қасбетінен көруге болады.

Аталған жоба «Балалар бейбітшілікті бейнелейді» қоғамдық қоры мен ЮНЕСКО-ның мәдениаралық және шығармашылық білім обсерваториясының, Алматы әкімдігі мен «Tikkurila» компаниясының қоладуымен жүзеге асады.

Естеріңізге сала кетсек, ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешімімен Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу ЮНЕСКО-ның 2016 жылғы мерейтойлық және атаулы күндер күнтізбесіне ресми енгізілді. Осыған байланысты Алматы қаласының мәдениет басқармасы жыл бойы өтетін мәдени шаралардың тізімін жасады. Биыл ұзын саны 100-ге тарта мәдени шара өтпек.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2575
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2465
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672