Жексенбі, 19 Мамыр 2024
46 - сөз 5858 0 пікір 28 Наурыз, 2016 сағат 14:31

НӘЗІК ЖҮРЕК


Баяғыда бір ауылға елде жоқ данышпан келіп қоныс теуіпті. Ол бала біткенді ерекше жақсы көреді екен. Үнемі көшенің бала-шағасының ортасында ойнап жүреді. Оларға сыйлық жасағанды жаны жақсы көріпті. Бірақ өте нәзік, әлсіз нәрселерді сыйлайды екен. Балалар қанша ұқыпты болса да, ойыншықтары тез сынып қала береді. Бала-шағаның көңілі бұзылып, жылап қала береді екен. Сәл уақыттан соң данышпан жаңа ойыншық жасап беріп, көңілін аулайды. Онысы алдыңғысынан да нәзік болады. 

Бір күні топты ата-ана шыдай алмай ақсақалға келіп, пұшайман қалдарын айтып, одан неге бұлай деп сұрапты: 

— Сен көреген адамсың, біздің баламызға тек жақсылық тілейтініңе шүбамыз жоқ. Олай болса, оларға неге тез сынатын осал ойыншық жасап бересің? Қанша мұқият қарап ойнаса да ойыншық деген морт сынып қала береді. Бала жылайды. Ал, ойыншықтарың бірі-бірінен өтеді, сондай тартымды, ойнамай тұрмау қиын. 

— Енді аз ғана уақыт өткен соң, — деп жымиды данышпан, — өмір жолында кез болған жан оларға өз жүрегін ұсынады. Осал ойыншықпен ойнағаны өзгенің нәзік жүрегін бағалауына сәл де болса себі тиер, - деген екен.

Аударған Шынар Әбілдә

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661