Жексенбі, 14 Тамыз 2022
Мәйекті 5982 0 пікір 28 Наурыз, 2016 сағат 14:54

АПАТТЫ ҰШАҚТЫ АМАН ҚОНДЫРҒАН ҰШҚЫШТАРҒА «БАТЫР» АТАҒЫ БЕРІЛУІ ТИІС!

Кешелі-бері көпшіліктің талқысына түскен мәселе Астанада апатты жағдайда қонған Fokker-100 (Bek Air) ұшағының ұшқыштарының ерлікке тән әрекеті болды. Қызылордадан ұшып шығып, Астана әуежайына қонар сәтте апаттық жағдайға ұшыраған ұшақтың бортында 116 адам болған.

Ұшақтың алдыңғы шассилері ашылмай қалғандықтан, тұмсығымен жер сүзген ұшақты басқарған ұшқыштар туралы пікірлер әлеуметтік желі мен қоғамдық ортада қызу талқылануда.

Әлемдік авиацияның тарихында жүздеген жолаушысы бар бортты құтқарып қалудың дәл осындай оқиғалары сирек кездеседі. Бұны мүмкін емес жағдай немесе миллионнан бір десе де болады. Әрбір жолаушының ата-анасы, баласы, іні-қарындастары сонымен қатар жүздеген туысқандары бар, түптеп келгенде олардың барлығының тағдыры  апатқа ұшырай жаздаған ұшақтың «қанатына» байланып қалған еді.

Бейбіт күнде батырға тән ерлік көрсетіп, апатты жағдайдағы ұшақты жерге шеберлікпен қондыра білген Bek Air әуе компаниясының ұшқыштары «Халық қаһарманы» атағына әбден лайық екені даусыз.

Мұндай ұсынысты әлеуметтік желі қолданушысы Сырым Әбірахманов та өзінің «Фейсбуктегі»  жеке парақшасында білдіріпті.

Қазақстан Республикасының «Халық  қаһарманы» – Отанына ерекше мәртебе көрсетіп, ел  алдына игілікті іс тындырып көзге түскен, халқына  аса көрнекті қызметі мен тәуелсіздік жолында жауынгерлік ерлік көрсеткен адамдарға берілетін атақ.

Ұшақ ішіндегі 116 адамның өмірін құтқарып қалған ұшқыштар: Дмитрий Родин мен В. Семерячинский жоғарғы деңгейдегі атақпен марапатталуға тиіс.

«Халық қаһарманы» атағы Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі «Алтын Қыран» орденімен және «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызды марапатымен деңгейлес келеді. Осы атақ барысында «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордендері қоса тапсырылады. «Халық қаһарманы» атағы 1993 жылы ресми түрде бекітілген.

Айтпақшы, Fokker-100 (Bek Air) ұшағының екінші ұшқышы Вадим Смеречанский Дінмұхамед Қонаевтың жеке ұшқышының немересі болып шықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2270
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2051
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1734
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2788