Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3598 0 пікір 25 Маусым, 2010 сағат 11:22

ҚАЗАҚСТАН САҚ БОЛЫП, ОҚИҒАНЫҢ КЕЗ КЕГЕН БЕТ БҰРЫСЫНА ДАЙЫН БОЛУЫ КЕРЕК

Астана. 25 маусым. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Алдағы демалыс күндері Қырғызстан халқы Конституцияның жаңа нұсқасына референдумда дауыс берулері тиіс. Қырғызстанның қазіргі басшылығының осы бастамасына деген көзқарасымен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы президентінің Қырғызстандағы жағдайды бақылау жөніндегі арнайы өкілі, ҚР парламент сенатының депутаты Әділ Ахметов  ҚазТАГ агенттігімен бөлісті.

- Қырғызстан референдумның қарсаңында тұрғанымен, әлі күнге оны өткізудің қажеті қанша деген пікірлер айтылып келеді. Осы референдум қазір елдің алдында тұрған проблемаларды шешуге көмектеседі деп есептейсіз ба?

- БҰҰ қазіргі жағдайда референдум өткізуге ерте деп есептейді. Қаншама адам қаза болды, жараланғандары, босқындары қаншама! Халық наразы. Мұндай жағдайда олардан қалайша оң жауап алуға болады? Мен БҰҰ ұстанымына қосыламын. Алдымен жағдайды тұрақтандырып алып, одан соң референдум өткізген қисынды болар еді. Референдум қарсаңында қандай да күштердің араласуымен ұлтаралық қақтығыстар бұрқ етпесіне ешкім де кепілдік беріп отырған жоқ.

Екінші жағынан референдум уақытша үкіметті заңдастырады. Кім біледі, сол кезде жағдай басқаша өрбитін шығар.

Астана. 25 маусым. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Алдағы демалыс күндері Қырғызстан халқы Конституцияның жаңа нұсқасына референдумда дауыс берулері тиіс. Қырғызстанның қазіргі басшылығының осы бастамасына деген көзқарасымен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы президентінің Қырғызстандағы жағдайды бақылау жөніндегі арнайы өкілі, ҚР парламент сенатының депутаты Әділ Ахметов  ҚазТАГ агенттігімен бөлісті.

- Қырғызстан референдумның қарсаңында тұрғанымен, әлі күнге оны өткізудің қажеті қанша деген пікірлер айтылып келеді. Осы референдум қазір елдің алдында тұрған проблемаларды шешуге көмектеседі деп есептейсіз ба?

- БҰҰ қазіргі жағдайда референдум өткізуге ерте деп есептейді. Қаншама адам қаза болды, жараланғандары, босқындары қаншама! Халық наразы. Мұндай жағдайда олардан қалайша оң жауап алуға болады? Мен БҰҰ ұстанымына қосыламын. Алдымен жағдайды тұрақтандырып алып, одан соң референдум өткізген қисынды болар еді. Референдум қарсаңында қандай да күштердің араласуымен ұлтаралық қақтығыстар бұрқ етпесіне ешкім де кепілдік беріп отырған жоқ.

Екінші жағынан референдум уақытша үкіметті заңдастырады. Кім біледі, сол кезде жағдай басқаша өрбитін шығар.

Қазіргі уақытта уақытша үкімет біріншіден заңсыз. Ол билікке заңды жолмен келген жоқ. Ашығын айтқанда, билікті озбырлықпен басып алу болды. Заңды әрекеттерден гөрі заңсыз әрекеттер көп болды.

Екіншіден, Қырғызстанға үш рет барып, мен қазіргі билік әлсіз деген қорытындыға келдім. Соңғы оқиғалар оны айғақтап тұр. Билік елдегі жағдайды бақылап тұрған жоқ. Бәлкім, олардың ықпалы Бішкек пен соның маңайына ғана тарайтын шығар. Егер осылай жалғаса берсе азаматтық соғыс орын алуы да мүмкін. Сол кезде Қырғызстан өзінің мемлекеттілігін сақтай ала ма? Егер онда ешнәрсе өзгермесе біз екінші Ауғанстан алуымыз мүмкін.

Мен біздің президенттің «алдымен экономика, одан соң саясат» деген тезисін есіме аламын. Қырғызстанның уақытша үкіметі көп нәрселерге уәде берді. Ал егер ол оны орындамаса ше? Тағы да төңкеріс, себебі халық санасында сәл бірнәрсе болса, күрек пен мылтықты ала салып, көшеге шығу керек деген стереотип сіңіп қалды. Ондай әрекет уақытша үкіметке қатысты да қолданылуы мүмкін.

Қырғызстанда басшылық күшті болуы тиіс. Билікке тың күштер: ақылды, харизмалы адамдар мен көшбасшылары келуі керек. Өкінішке қарай әзірге мен ондайларды байқамадым. Ол адамдар жеке бастың мақсатын көздемей, ел болашағын, мемлекеттілікті сақтап қалуды және тұрақтылықты қамтамасыз етуді ойлаулары керек. Егер алдағы референдум қоғамның  бірігуіне септігін тигізсе ғана, оның оң рөлі туралы айтуға болады.

- Сіз референдумнан соң Қырғызстандағы басқару формасы президенттіктен парламенттікке ауысу мүмкіндігіне қалай қарайсыз?

- Қырғызстан халқы 5 миллиондай. Ал бұл ретте онда 104 саяси партия бар. Егер, айталық, мемлекетті 15-16 партия басқаратын болса, кез келген мәселені шешуде қиындықтар туындауы мүмкін. Дау, талас пен төбелестен көз ашылмайтын болады. Біз басқа мемлекеттерде депутаттар өзара төбелесіп жатқанын жиі көреміз. Біздің көршілеріміз осыны  қалай ма?

- Сіздің пікіріңізше, егер Қырғызстан парламенттік басқару формасына өтетін болса,  үстем саяси партияның болғаны міндетті ме?

-    Тіпті болмаса сондай екі-үш партияның болғаны дұрыс. Мысалы, Англиядағыдай, не басқа да батыс елдеріндегідей.

-    Егер референдумда жаңа Конституцияның жобасы қабылданбаса ондағы жағдай қалай дамиды?

-    Қазір оған бал ашудың реті жоқ. Егер консенсусқа келіп жатса, референдумнан соң жағдай тұрақтала бастайтын шығар. Ең болмаса, уақытша үкімет заңды мәртебесін алар еді. Мінде сонда халық атынан сөйлеп, ауқымды шешімдер қабылдауға болады. Қазір оларда ондай мәртебе жоқ, сондықтан олар асығуда (референдум өткізуге - ҚазТАГ).

- Қазақстан, не ол мүшесі болып табылатын ұйымдар референдумға бақылаушыларды жіберуді жоспарлап отыр ма?

-    Бәлкім ЕҚЫҰ ПА өзінің бақылаушыларын жіберетін шығар. Бәлкім, ҰҚШҰ, ШЫҰ жіберуі де мүмкін. Бірақ мен әзірге ондай хабар алған жоқпын. Барлығы тартынып тұр, себебі референдум Қырғызстанның ішкі мәселесі. Барлығы да осы елдің үкіметінің тезірек заңды болғанын қалайды, сондықтан алғашқыда уақытша үкіметтің жекелеген іс-қимылына «көзін жұмып» қарайды. Билік заңсыз болып тұрған жағдайда онымен халықаралық ұйымдар да, Қырғызстан халқы да санаспайды.

-    Қырғызстандағы жағдай ушығатын болса, Қазақстанда оған қандай да әрекет жоспары бар ма?

-    Қазақстан жалғыз өзі қандай да шешімдер қабылдамайды. ЕҚЫҰ төрағасы ретінде ол Ұйымның күшін жұмылдырып, осы елдегі құқықтық тәртіптің қалпына келуін, Қырғызстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Өз еліміздің ішінде біз Қазақстан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салуымыз керек. Егер көршімізде бір нәрсе бола қалса, Қазақстан барлық шекарасын, сондай-ақ тау асуларындағы сүрлеу жолдарды да жауып тастайды.

Біз сақ болып, бәріне дайын болуымыз керек, Қазақстанға арандатушы күштердің еніп кетуіне жол бермеуіміз керек. Біз тек Қырғызстанда ғана емес, сонымен қатар барлық Орта Азиядағы жағдайды тұрақсыздандырғысы келетін күштердің барлығын ұмытпауға тиіспіз. 

- Қырғызстанға мысалы ҰҚШҰ немесе ЕҚЫҰ бітімгершілік күштерін енгізу қажет деп ойлайсыз ба?

-    ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі полицияны немесе жергілікті полицейлерді қаруландырып, арнайы техникамен қамту бойынша техникалық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, ҰҚШҰ мұны ішкі мәселе деп санап, Қырғызстанға бітімгершілік күштерді аттандырмай отыр.

Мұндай шешімді БҰҰ қабылдауы мүмкін, өйткені бұл - халықаралық ұйым және Қырғызстан оның мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, жағдайдың кері бағытта дамып отырғанына назар аудару қажет. Бұл тұрақсыздықты ұйымдастырып отырғандардың мақсаты - билікті қайтару.

- Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларға экс-президент Құрманбек Бәакиевтің қатысы бар деген пікірге қосыласыз ба?

-    Оның қатысы бар деп есептеймін. Кем дегенде, оның туыстарының қатысы бар. Оның ағасы мемлекеттік күзет қызметін басқарған. Олардың қолдарында қару да, қаржы да бар. Басқа күштер де әрекет етуі мүмкін, мысалы есірткі мафиясы. Оларды (елдің бұрынғы басшылығы - ҚазТАГ) билікті қолдан шығарып алғаны қатты мазалап отыр, олар оны қайтарғысы келеді.

БАҚ-та экс-президент Бәкиевтің жақын туыстары - оның ұлы Максимнің және ағаларының бірінің телефон арқылы әңгімесі туралы ақпарат жарияланды, оған сенсек, экс-президенттің ұлы: «500 баскесерді жалдап, қаруландырсақ болды, іс бітті»,-деген. Мұндай әңгіме шынымен де болған сияқты. Құрманбек Бәкиевтің телеарналардың біріне берген сұхбатына назар аударыңызшы. Ол «уақытша үкімет Қырғызстандағы жағдайды реттеуге қабілетсіз» деді. Бұл сөздің астарында «менен басқа ешкім де тәртіп орната алмайды» деген мағына жатыр. Бірақ ол тәртіпсіздіктерді кім және қандай себеппен ұйымдастыруы мүмкін екені туралы ештеңе айтпаған.

Менің пікірімше, Бәкиев қашып кеткеннің орнына өз қауіпсіздігін және елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында президент әкімшілігінің штаб-пәтерін Ош немесе Жалал-Абад облысына көшірсе, мұндай болмайтын еді.

-    Осылай жасаса, Бәкиев президенттік билікті сақтап қалатын еді деп ойлайсыз ба?

-    Мүмкін. Жаппай тәртіпсіздіктерден бір күн бұрын оппозициялық партиялардың басшыларын қамауға алуы оның қателігі болды. Осы мәселелердің бәрін бейбіт жолмен шешуге болатын еді.

Ол биліктен өзі кетті, бірақ әлі күнге дейін елді басқара алатын едім деген пікірде. Бұл - орындалмас арман.

-    Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев пен оның отбасы мүшелері, соның ішінде қызы Бермет отанға оралуы мүмкін. Олар Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруда қандай қызмет атқара алады?

-    Ақаевты Бәкиевпен салыстыратын болсақ, ол ақ, жұмсақ сияқты. Бірақ оның да жасаған қателіктері жетерлік, сондықтан қазіргідей жағдайда оның елге оралуы екіталай. Ең алдымен, қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, өйткені Қырғызстанда оның саясатына қарсы адамдар әлі көп. Әрине, Бәкиевпен салыстырғанда ол демократ болатын.  

-    Қазақстан Қырғызстанға елдің қазіргі басшылығы айтып отырғандай, бұрынғы билік ел аумағынан алып шыққан активтерді қайтаруға көмектеседі ма?

Бұл - ішкі мәселе, біздің араласпай отырғанымыз да сондықтан. Ол қаржы банктерде жатыр. Ең алдымен, оның қай банктерде жатқанын анықтау керек, содан кейін халықаралық құқық негізінде талап ету керек (оларды қайтаруды - ҚазТАГ). Бұл бастаманы Қырғызстан үкіметі көтеруге тиіс.

-    Еліміздің Қырғызстанға көрсететін көмегі қандай болуы мүмкін, соның ішінде қаржылай көмегінің көлемі қандай болады деп ойлайсыз?

- Біздің әрекеттеріміз гуманитарлық қана емес, сонымен қатар, қаржылай көмек көрсету үшін ЕҚЫҰ елдерінің ұмтылыстарын біріктіруге бағытталып отыр. Қаржылай көмекті Қазақстан ғана емес, ЕҚЫҰ-ға мүше болып табылатын басқа да мемлекеттер, БҰҰ да көрсетуге тиіс. Халықаралық институттардың бәрі бұл елге көмектескісі келеді, бірақ үкімет заңсыз болғандықтан, кіммен жұмыс істеу керегін білмейді. Сонымен бірге, олар бұл көмектің оған мұқтаж болып отырғандарға жететініне сенімді емес.

Сондықтан, тағы да қайталаймын, Қырғызстанға күшті, жауапты билік керек. Алдағы референдум өтсе, оның осындай билікті құруға септігі тисін деп тілеймін. Өз кезегінде Қазақстан көрші елдегі бауырлас халыққа қолдау көрсететін болады.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3534