Жұма, 29 Наурыз 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 7413 0 пікір 29 Наурыз, 2016 сағат 15:36

ТҰМА ТАБИҒАТЫМЫЗ ӘЛЕМ ТУРИСТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

Халықаралық National Geographic журналы Қазақстан табиғаты жайында тамсанып жазды. 

National Geographic – Ұлттық географиялық қоғамның (АҚШ) ресми басылымы әрі ерекше ғылыми-көпшілік географиялық журнал. Таяуда осы журналдың ресейлік нұсқасы өзінің Қазақстандағы табиғат ғажайыптарына арналған тізімін жасады.

«Байқоңыр, Шымбұлақ, Қатон-Қарағай, Бурабай мен Балқаш Қазақстанда ешқашан болмағандардың да құлағына тиген атаулар. Алайда, бұл елде айтарлықтай танымал емес, бірақ, қызықты жерлер көп, әрбір турист оларға міндетті түрде баруы тиіс», – деп жазады басылым.  

Қазақстандық ғажайыптар тізіміне біздің еліміздің сәулет және табиғат әсемдіктерінің бес ескерткіші кірген, журнал оларды Қазақстанға келген туристердің бәріне ұсынады.

Журналда берілген бірінші қазақстандық ғажайып – Қайыңды көлі, ол 1911 жылы жер сілкінісінен кейін тау аңғарындағы жартастардың өзен сағасына құлауынан пайда болған. Мұндағы  реликтілік Тянь-Шань шыршалары сирей бастады, бірақ әлі де қасқайып тұр. Су үстінде жалаңаш діңдері сорайып тұрса, көл айдынында – тау суреті айнадай жарқырайды. Көл суының температурасы Цельсий бойынша 6 градустан аспайды, соның өзінде бұл жергілікті дайверлердің қызығушылығына тіпті де кедергі емес.    

Екінші орында – орта ғасырлық сәулет ескерткіші – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі: қазақстандық мұсылмандардың зиярат жасайтын жері. Кесене 14 ғасырда ежелгі түркі ақыны әрі дін уағыздаушысының құрметіне салынған. Кесенені салу шешімін Ақсақ Темірдің өзі қабылдаған. Қазір бұл «Әзірет-сұлтан» мұражай-қорығының тарихи-мәдени басты нысаны, оған, сарайлар, ортағасырлық монша ғибадатхана кешені және ортағасырлық тағы бірнеше маңызды тұлғаның кесенесі кіреді. Кесененің кірпіш күмбезі – орталық Азиядағы ең үлкен күмбездердің бірі.

Үшінші қазақстандық керемет – Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 70 шақырым жерде орналасқан Бектау-ата шатқалы. Жолаушының көз алдынан кішігірім өзендермен алмасып отыратын ғаламат сұлу ғарыштық пейзаж шыға келеді. Таулы мекен оны қоршаған даланың флорасынан мүлде басқаша. Оған қоса, ол жерде шағын, әдемі көлдер бар.

Төртінші орында – Маңғыстау облысы  Оғланды жерінде орналасқан Бекет-ата мешіті, ол 17 ғасырда салынған. Бекет-ата – бүкіл қазақ табынатын әулие әрі емші. Бүгінгі күні ол күніне үш мыңдай зиярат етушіні қабылдайды. Оның басты ерекшелігі: ішіне кіру үшін келуші 1500 метр жердің астына түсуі керек.

National Geographic тізіміндегі бесінші керемет – «Бәйтерек» монументі, ол Қазақстанның жүрегі  Астанада орналасқан. «Монумент 1996 жылы басталып, 2002 жылы аяқталған. Құрылыстың ұзындығы 97 метрді құрайды, бұл санның алынуы тегін емес: 1997 жылы Астана Алматы қаласының орнына Қазақстанның астанасы деп жарияланды. Яғни, Бәйтерек ел тарихындағы жаңа дәуір бастамасының нышаны болып табылады. Бәйтеректің ұшар басында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолының бедері бар, ал, монументтің айналасында үлкен саябақ салынған. «Бәйтерек» сөзі қазақ тілінде жас, жайқалып өскен ағашты білдіреді.  Жоба авторларының ойынша, осылайша өзінің тарихи тамырларын сақтаған мемлекеттің тағдыры берік тұғырымен қатар өріліп, болашақ гүлденуге ұмтылысы бейнеленген» деп жазады журнал.

Қазақстанда National Geographic журналы биылғы жылдың наурыз айынан бастап шыға бастады. Бірінші шығарылым Маңғыстау ғажайыптарына арналған. Алдағы уақытта басылым беттерінен туған жеріміздің талай ғажайыбын көретінімізге  күмәніміз жоқ.  

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3552