Бейсенбі, 7 Шілде 2022
Жаңалықтар 3539 0 пікір 30 Наурыз, 2016 сағат 07:22

НАУРЫЗ БҰҰ-ДА ТОЙЛАНДЫ

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы - Түріксой Наурызды БҰҰ-да тойлады деп хабрлайды Түркияның TRT арнасының қазақ редакциясы.
Түркі әлемінен жиналған 150 өнер қайраткері БҰҰ ғимаратында концерт берді.

БҰҰ тарапынан материалдық емес мәдениет мұрасы ретінде қабылданған Наурыз көптеген дипломаттар мен  қонақтардың қатысуымен атап өтілді.

Биылғы мерекелік шара Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстанның тәуелсіздіктерінің 25 жылдығына арналды.

Рәсімде сөз сөйлеген БҰҰ бас хатшысының орынбасары Ян Эллиассон Наурыздың БҰҰ мәдени мұра тізімінде екенін еске салып, БҰҰ-да бес жыл үзілістен кейін Түріксой концертін тамашалаудың сәті түскенін айтты.

Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов те Түркия және Бельгиядағы террор лаңкестіктерін айыптап, осы қайғылы оқиғалардың көлеңкесінде Наурыз мерекесін шаттықпен тойлай алмағандарын білдірді.

Баяндамалардан кейін 15 елден келген шамамен 150 өнер қайраткері наурызбен бірге келген көктем ұсынған бірлік, тірлік, сүйіспеншілік пен бауырластықты бейнелейтін өнерлерін көрсетті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Ақмылтық

«Қиялшылдар клубы»

Әміржан Қосан 2321
Анық-қанығы

Кімнің кім екенін біле жүрсін деп...

Ауыт Мұқибек 1785