Сейсенбі, 30 Қараша 2021
Жаңалықтар 3165 0 пікір 30 Наурыз, 2016 сағат 10:57

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ӨЗБЕК ТҮРМЕЛЕРІНДЕГІ АЗАПТАУДЫ ТОҚТАТУҒА ШАҚЫРДЫ

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Өзбекстан түрмелеріне ашық хат жолдау науқанын бастады. Шараға арналған сайтта желі қолданушыларына УЯ 64/ИЗ-1 (Таштүрме), Ташкенттегі ҰҚК тергеу абақтысы мен Қарақалпақстандағы «Жаслық» колониясына үш электронды ашық хат жолдау ұсынылған.

Орыс және өзбек тілдерінде жазылған ашық хаттар түрме әкімшіліктерін азаптауы тоқтатуға және сотталғандарға адами жағдай жасауға шақырады. Шараға қатысқысы келгендер ашық хатты басып шығарып, хабарлама соңына аты-жөнін жазған соң Өзбекстанға жолдай алады.

Шараны ұйымдастырушылар ұрып-соғу, азаптау секілді жайттар Өзбекстанның қылмыстық әділет жүйесіне терең тамыр жайғанын айтады. Дәлел ретінде сайтта бұрын сотталғандар мен олардың туыстарының түрмелердегі азаптаулар туралы естеліктері келтірілген.

Amnesty International есебінше, өзбек кұш құрылымдарының өкілдері қсталғандарға қылмысты мойындату үшін ғана емес, өздеріне ұнамағандарды жазалаудың және ақша бопсалаудың құралы ретінде қолданады. .

2010-2013 жылдары Өзбекстан соттарына құқық қорғау органдары қызметкерлернің азаптағаны туралы 236 шағым түскен. Алайда небәрі 11 милиционер жауапқа тартылды.

Абай-ақпарат

0 пікір