Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3399 0 пікір 24 Маусым, 2010 сағат 06:15

Павлодарда табиғатты қорғау ведомствосы балық шабағын құтқаруды полиграфиялық фирмаға сеніп тапсырған

Павлодар. 23 маусым. ҚазТАГ- Павлодар облысының табиғатты қорғау басқармасының бастығының үстінен қылмыстық іс ашылды. Бұл туралы облыстың табиғатты қорғау прокуроры Денис Утебаев хабарлады.

«21-ші маусымда Павлодар облысының қаржы полициясының тергеу департаменті табиғат ресурстарын қорғау мен табиғат ресурстарын реттеу басқармасының бастығы мен басқа да лауазым иелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 307-ші бабы, 2-ші бөлімі бойынша - қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғады», - деді ол.

Полиграфиялық өнімдер шығарумен айналысатын «Полиграфсервис» фирмасы Ертістің жағалауында пайда болған көлшіктердегі шабақтарды қайтадан Ертіске жіберу жұмыстарына жүргізілген тендерді таныстық арқасында ұтып алған.

Келісімшартта көрсетілгендей жұмыстар бір айдың ішінде 2009 жылы қазан мен қараша аралығында, алғашқы мұз пайда болғанша жүргізілуі тиіс болатын.

«Келісім шарты бойынша, фирма Ертіс өзенінің жағалауындағы пайда болған көлшіктерден Лебяжі, Қашыр, Ертіс, Железинск, Ақсу, Павлодар мен Ақтоғай аудандарында шабақ құтқару жұмыстарын жүргізуі тиіс болатын», - дейді табиғатты қорғау прокуроры.

Бірақ жұмысты орындау мерзімі едәуір бұзылып, оған қарамай барлық актілерге қол қойылып, қаражат аударылған. Одан басқа, есеп беру құжаты атқарылған жұмыс көлеміне сай келмеген.

«Олар мөлшері 5-тен 150 грамм шамасындағы 3 360 мың шабақ құтқарылды деп мәлімдеді. Шын мәнісінде 27 мың расталды», - деді Денис Утебаев. Тексеріс барысында аталған фирмада шабақ құтқаратын тиісті техникалық жабдықтар жоқтығы анықталды. Одан басқа, есеп беру кезінде фирма жалған адамдарды пайдаланған.

Аталған бұзушылықтардың салдарынан тексеріс барысында мемлекетке Т1 073 мың қаржы зиян келгені анықталды.

0 пікір