Жұма, 26 Сәуір 2024
Деп жатыр 9704 0 пікір 4 Сәуір, 2016 сағат 11:27

«КЕЛІН» ҚАЙТЫС БОЛДЫ

«Ананди» образымен қазақстандықтарға жақын таныс үнді актрисасы қайтыс болды. «Келiн» телехикаясының бас кейіпкерінің рөлін сомдаған Болливуд жұлдызы Пратюша Банерджи сүйіктісінің үйінде асылып қалған еді. «Анандидің» қазасына оның сүйіктісі себепкер болуы мүмкін,-деп жазады ҚазАқпарат.

Жергілікті БАҚ таратқан мәліметтерге сәйкес, Пратюша Банерджидің денесін оның сүйіктісі - әртіс әрі телепродюссер Рауль Сингх тапқан. Бойжеткен шұғыл ауруханаға жеткізілген, бірақ дәрігерлер оның қайтып кеткенін айтқан, деп жазады peopletalk.ru.

Indian express-тің мәліметіне сенсек, өзіне қол салған бойжеткен мен оның бірге шаңырақ көтергелі жүрген жігітінің арасында келіспеушілік болған. Бұдан бөлек, полицейлер Пратюша Банерджимен байланысы, қандай да бір келіспеушілігі болған барлық ер адамдарды тергейтінін мәлім етті.

Марқұм актрисаның достары оның сүйіктісімен жиі ұрсысатын болғанын, тіпті кейде төбелесіп қалатынын айтқан.

Abai.kz

0 пікір