Бейсенбі, 9 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 53021. Жазылғандар — 31277. Қайтыс болғандар — 264
Білгенге маржан 2575 0 пікір 4 Сәуір, 2016 сағат 12:31

АЙЫНА 120 МЫҢ ДОЛЛАР АЛАТЫН АРШАВИН ҚАЙРАТҚА КӨМЕКТЕСЕ АЛМАДЫ

Кеше футболдан Қазақстан премьер-лигасының үшінші тур ойындары өтті. Аталған турда "Қайрат" легионері Андрей Аршавин алғаш рет алаңға шықты,-деп хабарлайды «Nur.kz» порталы.

Алайда, Аршавин сынды жұлдызы бар "Қайрат" Оралдың "Ақжайығын" сырт алаңда ұта алған жоқ. Оралдағы матчта "Ақжайық" ойыншылары өздерінен әлдеқайда қымбат футболшылардың 2:1 есебімен жеңіп кетті.

Қымбат футболшылары, мол бюджетімен мақтанатын "Қайрат" үш ойынның екеуінде жеңіліп қалды. Бүгінде алматылық команда 1 ұпаймен 9-шы орында келеді.

Abai.kz 

0 пікір