Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3678 0 пікір 22 Маусым, 2010 сағат 18:07

Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ. «Ұйғырстанды» көксеп, ұйыған татулықты бұзғысы келгендер кімдер?

Ұйғыр ауданының әкімі Ұйғыр ауданының атын өзгерту керек дейді

Алматыда «Ұйғыр ауданына қарасты Тасқарасу елді мекенінде ұйғырлар «Ұйғырстанның» туын желбіретіп жүр екен» деген сөз гулеп кетті.  Артынша-ақ, бұл туралы кейбір басылым беттерінде хабарлар шыға бастады.

Осы әңгіменің анық-қанығын білу үшін «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық ұйымынан он бір адам (суретте) болып Тасқарасу ауылына арнайы бардық.Жолбасшымыз - ұйым төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлы. Әуелі көшеде кездейсоқ кездескен сол ауылдың бірнеше қазағын сөзге тартып, сосын ауыл әкімі - Талғат Мұстапаевқа келдік. Осы жерде ауылдың учаскелік полиция бастығын да кезіктіріп қалдық. Оған «Сіз де бізбен жүріңіз. Әкімге бірге кірейік» дедік, келгендегі мақсатымызды түсіндіріп. Бірақ учаскелік полиция бастығы бізбен бірге әкімге кірмеді. Ауыл әкімі: «Иә, ондай жағдайдың болғаны рас. Бірақ Тасқарасуда бұдан бұрын да, қазіргі күні де ұлт араздығы орын алған емес. Сонда да болса, сол жалауды желбіретті деген жастардың өздерін, олардың ата-аналары мен ауыл ақсақалдарын, жалпы барлық ауыл тұрғындарын шақырып, бірнеше рет жиналыстар өткіздік. Кінәлі дегендер өз қателіктерін мойындады. Ендігі жерде ондай тірлікке бармайтындарын айтты. Дегенмен, бұл іспен ҰҚК де айналысып жатыр. Әлгі желбіреген жалау да солардың қолында. Жуықта нәтижесі белгілі болып қалар» деді.

Мектеп директоры - Шамшидин Масутов та осыны айтып отыр. «Біз мектеп қабырғасында болып жатқан оқиғаларға ғана жауап бере аламыз. Ал «Ұйғырстанның» туын желбіретті деген Адылжан Тохтахунов осыдан 4-5 жыл бұрын мектепті бітіріп кеткен бала» дейді Масутов мырза.

Ауыл әкімшілігіндегі осы жиналыстан шыққан соң, учаскелік поли­цияны іздеп таба алмадық. «Қолдарыңнан келгенін істеп алың­дар» дегендей, не ауылда, не жұмыс орнында жоқ болып шықты сабазың. Осыған қарап учаскелік полиция бастығы мен Әділжан Тохтахунов өзара туысқандар-ау деп те ойладық.

Енді ауыл әкімімен бірге аудандық әкімге жол тарттық. Аудан әкімі - Коюмчан Омаров бізді күтіп отыр екен. Аудандық Ішкі істер бөлімінің (АІІБ) бастығы - Болат Оңғаров қасында. Ұйым төрағасы - Бейсенғазы сөз бастап: «Желтоқсан ақиқаты - республикалық ұйым. Біздің көптеген аймақтарда бөлімшелеріміз бар. Солар телефон шалып, осы жағдай туралы қатты алаңдауда екенін айтуда. Бізге: «Мәселені тез шешіңдер. Болмаса бәріміз Алматыға барамыз. Сонда жиналамыз» деп отыр. Біз оларды: «Әуелі өзіміз барып, мән-жайды біліп қайтайық. Асықпай тұра-тұрыңдар» деп қана, ұстап отырмыз. Мәселені әділ шешпесеңіздер, жоқ мемлекеттің туын көтеріп, мемлекет құрушы ұлт - қазақтардың намысын таптаған арандатушыны қатал жазаға тартпасаңыздар, онда жағдай қиынға соғуы әбден мүмкін. Біз бүгін осыны ескертуге ғана келдік. Кейін сіздерді «айтпады, білмей қалдық» деген өкінішке соқпасын деп келдік. Қырғызстандағы жағдайды бәріміз де көріп отырмыз. Оның бетін аулақ қылсын. Сондықтан, бүгін бәріне де үлгеруге болады. Кеш емес» деді.

Омаров мырза өзінің желтоқсандықтармен толықтай бір көзқараста, Елбасының айтқанындай елдегі жетістіктеріміздің бәрі дерлік ауызбіршілігіміздің ғана арқасында екенін басып айтты. Сондай-ақ ол, Ұйғыр ауданының атын өзгерту керек екенін де қолдайтынын білдірді.

«Жоқ мемлекеттің туын желбіретуде қылмыстық құрам жоқ» дейді заңды білмейтін заңгерлер

ІІБ бастығы сөз арасында аудандық прокурор, әділет кеңесшісі, Тохтахуновтың ісін қылмыстық құрамының жоқтығына байланысты жауып тастағанын айтып қалды. Менің қанымды қайнатқан да осы болды. Аудан әкімінен шыға салып, сол әділет кеңесшісі, прокурорға қарай тарттық. «Алдымен өзім кіріп шығайын» деген ІІБ бастығы прокурорда ұзақ-ақ отырды. Әлден уақытта бізде кірдік-ау, әйтеуір.

Аудандық прокурор, әділет кеңесшісі Еркінғали Серікбаевқа: «Мен журналист ретінде ертең бұл туралы жазамын. Сонда «Тохтахуновтың іс-әрекетінде қылмыстық құрам жоқ екен» десем, бұған сенетін бүкіл 12 млн. қазақтың ішінде жалғыз Сіз ғана! Басқа бір де бір адам сенбейді бұған. Айтыңызшы, сонда Сіз туралы, зайырлы, демократиялық мемлекетіміз туралы жұрт не ойламақ? Тарихты, келешегімізді ойласақ ше?», - деп қатты айтуға тура келді.

Осыдан кейін Серікбаев мырза «Тохтахуновтың ісін қайта қозғаймыз. Қылмыстық іс ашамыз» деді. Біз өз кезегінде «Бұл іс біздің бақылауымызда болады. Екі аптаның көлемінде тағы бір келіп-кетеміз» деп қоштастық.

Иә, қандастар. Кезінде, 19-шы ғасырда жоңғарлар сияқты жойы­лып кетпесін деп, жанымыз ашып, қытайлардың тепкісінен сүйреп шығарып, жеріміздің бір шетіне қоныстандарып, қанаты­мыздың астына алған ұйғыр бауыр­ларымыздың кейбір санасы саяздарының соңғы уақыттағы қылықтары көргенсіздік болып тұр. Бірақ бұл жалпы ұйғыр халқына деген теріс ұғым емес. Мысалы, аудан әкімі, сол ұйғыр ұлтының өкілі - Коюмчан Омаров мырза «Ұлтты жіктелуге ыңғайлайтын күшті әсерлердің бірі - ауданның «Ұйғыр» деп аталуы. Осыны өзгерту керек» деп, көрегенділік танытып, мәселенің түп-тамырына білімді, терең үңіліп отыр. Коюмчанның бұл ұсынысын пәрменді түрде қолдау керек. Жалғыз Омаров емес, оқыған-тоқыған, тарихты білетін көптеген зиялы ұйғыр азаматтары да бұл ұсынысты қолдайды. Қолдамайтындар - әлгі жоқ мемлекеттің туын көтеріп жүргендер мен мына өзіміздің биліктегі кейбір көлеңкесінен қор­қатын, заңды білмейтіндер ғана. Бұлардың алғашқысы тарихтың не екенін білмейтін арандатушылар болса, екіншісі солармен саналас өз құл­қынын ғана білетін намыссыз ездер.

Ендеше, қазақ және ұйғыр бауырлар, біз сол арандатушы ездерден жоғары бола білейік. Ешқандай арандатушылыққа ілесіп кетпейік. Ең дұрысы - жастарымыздың әлсіз санасы уланып қалатындай, арандатуға алып баратындай жағдайларды дер кезінде жойып отырайық. Осы себептен шұғыл түрде Ұйғыр ауданының атауын өзгерту - ең алғашқы бітіретін шаруа болуы тиіс.

Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ

"Жас қазақ үні" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596