Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Білгенге маржан 6047 0 пікір 12 Сәуір, 2016 сағат 10:37

СЕРГЕЙ ЕСЕНИНДІ КІМ ӨЛТІРДІ?

Орыс және совет әдебиетінің ірі тұлғалары:С.Есениннің, В.Маяковскийдің, М.Цветаеваның, О.Мандельштамның, М.Горькийдің...о дүниелік болулары туралы Ресейде ғана емес, шет елдерде де көптеген мақала шықты, әлі де шығып жатар. 

Бұл мәселеде, әрине, совет-орыстық әдебиетші-зерттеуші ғалымдар әу дегеннен белсенділік танытты. Алайда әліге дейін баршасы бәтуаласқан ортақ тұжырым жоқ, әрқайсысы өзінің сөзін оң етіп келеді. Әсіресе И.Сталиннің аруағымен алысқан алаяқ Н.Хрущевтың: «Сталин зиялылардан қорықты, оларды қуғындады» деген сухит сөзін малдана өршітушілер, мына аталғандарды, иә, ақын Сергей Есенинді де «сталиндік құрбандардың» тобына қосып қойды. Ал шындық қалай еді? Бұл тұрғыда ақын қазасы жайындағы мағлұматтарда екі нұсқа елеулі. Бірі – ақын И.Лысцовтың пайымы. «Молодая гвардия» журналында 1990 жылы жариялаған «Сергей Есениннің өлімі» мақаласында ол былай деді:

«...Ақын достар: Сергей Есенин, Алек­сей Гранин, Петр Орешин, Сергей Клычков Мәскеудегі әдеби кештердің бірінде, 1923 жылдың желтоқсан айында, Ресейді еврей­лер билеп-төстеп алды, орыс мәдениетіне нұқсан келтіре бастады дегенді батыл, ашық айтады. Соған іле-шала С.Есенин «Жексұрындар елі» («Странане­год­яев») деген драмалық дастан жазыпты. Зия­лылар қауымы оның бас кейіпкері – Темір­жолдар күзетінің комиссары Чекисовтың түр-түсі, сөз сөйлесі, жүріс-тұрысы, қимыл-қаре­кеттерінен Лев ДавыдовичТроцкийді (Лэйб Давидович Бронштейнді) бірден таныған.
С.Есенин 1922-1923 жылдары әйелі, американдық атақты биші Айседора Дунканмен бірге Еуропаның бірнеше елінде, АҚШ-та болып қайтқан. Ол сол жақта да антисемиттік ой-пікірлерін ашық айтып жүрген. Мәскеу полициясы сонысы үшін оның соңына түскен. Судья Комис­саров 1924 жылы ақпанда ақынды тұтқын­дау туралы шешім шығарады, бірақ, оның атақ-даңқынан сескеніп, тиісе алмайды. Әйткенмен, Есенин жасырынып жүруге мәжбүр болады да, 1924 жылдың қыркүйек айында Баку қаласына кетіп қалады. Арада бір ай өте бере Баку мейманханасында Мәс­кеуден ГПУ (Мемлекеттік саяси бас­қар­маның) қызметкері Яков Блюмкин пайда бола қалады да, ақынды оңашалап алып, алты атарын кезеніп тұрып, боқтап-балағат­тап: «Аузыңа ие бола алмасаң, ГПУ-дың подвалында кездесеміз!» деп қоқан-лоққы жасап кетеді. Сергей сол күні Тиф­лиске қашып, ондағы дос-жолдас­тарында бірнеше күн болып, қорғанысы үшін алты атар сатып алып қайтады. 
Мәскеу пана болмасын білген Есенин Ленинградқа көшуді ойлап, 1925 жылы желтоқсанның 23-і күні сонда барып, әдеби кештерге қатысып, сатып алуға үй іздей де жүреді. Ол «Англетер» мейманханасына орналасқан екен. 28-іне қараған түнде Блюмкин адамдары Есениннің бөлмесіне басып кіріп, ақынды ұрып-соғып, асып кетеді. Блюмкин жасаған жауыздығына куә жақ­тасына – жергілікті Вольф Эрлихке: «Есенин өзіне өзі қол жұмсап, асылып өлді» деп сөз таратуды тапсырады.
Сұмдықты бірінші болып естіген жур­налшы Георгий Устинов әйелі Елизавета екеуі Есенин жатқан бөлмеге таңертең бірінші болып барған (олар да сол мей­ман­ханаға тоқтаған екен). Көрші бөлмедегілер де келіп, түнде тасыр-тұсыр бірдеңе болға­нын естігендерін айтады. Не болғанын аң­ғар­ған Устинов: «Сергейдің күштеп өлтіріл­гені сөзсіз, сабалған, басы жарылған, шындықты айту керек!» депті. Жиналған­дардың арасында Эрлих те болған. Ал келесі түнде устиновтер де «асылып қалған» күйлерінде табылыпты...».
Блюмкин бір жылдары С. Есениннің жақсы жолдастарының бірі болған, кейінде Троцкийдің социал-революцияшылар партиясына мүше болып, 1918 жылы маусымның 6-сы күні Германияның елшісі граф Вильгельм фон Мирбахты өлтірген. Блюмкин ол қылмысты КСРО тарихынан мәлім Брест-Литовск келісімін жасатпауды көздеген Троцкийдің тапсырмасымен жа­сап­ты. Кезінде Лениннің ол келісімге Сырт­қы істер комиссары Троцкийді жібер­гені, ал Троцкийдің құр сөзден қырман жасап, Германияға іші бұрғаны белгілі. Ол оқиға да, С. Есенинді өлтіру де, кейін, 1929-жылы, Блюмкинге болған сотта жете ай­ғақ­талып, қылмыскер ату жазасына кесілген.
Екінші. Виктор Кузнецовтың нұсқасы («Сергей Есенин қазасының құпиясы», 1998) басқашалау. Ол кітабы шыққанына бір ай шамасы болған кезде Мәскеудің «Чудеса и приключения» журналынан запастағы майор Виктор Титаренконың Есенинді атқан Николай Леонтьев туралы мақаласын оқып, еріксіз таңданады. Ол, Кузнецов, кітабында ақынды Блюмкиннің атқанын айтқан болатын. Әрине, мейлінше дәлелдеп. Ал Титаренко былай деген: ...Бұдан жиырма бірдеңе жыл бұрын Хабаров өлкесіндегі Ургау поселкесіне іссапармен барғанымда ұзақ жыл лагерьде тұтқын болған қарт, сырқат Леонтьев басынан кешкен оқиғаларды әңгімелеп отырып: «Витек, мен ақын Сергей Есенинді мына қолыммен аттым ғой...» деп налыды.
«...Пәленің басы Троцкийде жатыр, – дейді В. Кузнецов. – Ақын екеуінің ара қатынасы өте күрделі болыпты. Бірде Ле­нин­градта дос-жолдастарымен ырду-дырду жасап отырған Есенин: «Ресейді Лейба Бронштейн билеп-төстеп тұрғанда мен Мәскеуге бармаймын!» депті. Саяси бас­қар­маның құпия қызметкері Глеб Алексеев ақынның ол сөзін Троцкийге дереу жеткіз­еді. Есениннің «Жексұрындар елі» дастаны­на кейіпкер болғанын, ондағы бір кейіпкер Чекистовтың: «Сен жид емессің ғой? Сен – Веймардан келген мырзасың» дегеніндегі «мырза» Веймарда тұрған, оқыған өзі еке­нін білген Троцкий қалайша аласұрма­сын! Екеуі­нің арасында басқа да қиям­пұрыс­тық­тар болған. Троцкийге бұзақы антисемит орыс Есениннің төңірегінде у-шудың кө­бейе түскені керек те еді.
Ақын дастанынан үзінді:
Замарашкин(сочувствующий комму­нис­там доброволец):
Слушай, Чекистов!..
С каких это пор
Ты сталиностранец?
Я знаю, что ты
Настоящий жид.
Фамилия твоя Лейбман,
И черт с тобой, что ты жил
Заграницей...
Всеравно в Могилеве твой дом.

Чекистов (комиссар из охраны ­железно­доро­жных линий):
Ха-ха!
Ты обозвал меня жидом?
Нет, Замарашкин!
Я гражданин из Веймара
И приехал сюда не как еврей,
А как обладающий даром
Укрощать дураков и зверей. 
...Троцкийдің астыртын бұйрығымен тұтқындалған Есенин қаланың (Ленин­градтың) Майоров даңғылындағы №8/23 үйде төрт күн тергеледі. Оны қорқытып-үркітіп, тіпті Мемлекеттік саяси басқарма­ның құпия агенті болуға көндіргілері ке­леді. Сол әрекетке ашынған Есенин бір сәтте Блюмкинді итеріп қалып, шалқасы­нан түсіреді де, оқыс қимылдан қатты шо­шыған Леонтьев, Блюмкиннің серігі, ақын­ды атып салады, ал қорланған Блюмкин атқып тұрып барып, Сергейді пистолетімен маң­дайына қойып кеп қалады. Өлі Есе­ниннің сол күні түсірілген фото-суретінде оның кеудесіне оқ тигені, маңдайы жарыл­ғаны ап-анық көрінеді.
Блюмкин Мәскеудегі Троцкийге дереу телефон соғып, Есениннің өлігін қайту ке­ре­гін сұрайды. Троцкий: Ертең газетте менің желөкпе, сарыуайымшыл ақынның өзін-өзі өлтіргені туралы мақалам жария­ла­нады, ешкім басқаша ештеңе дей алмайды, деп жауап береді. Иә, солай болды да...».
Сергей Есенинді «деревняның ақыны», парықсыз, антисемит деп атап, өте жек көріп жүрген Троцкий 1926 жылы қаңтарда «Правда» газетінде жарияланған мақала­сында былай деп тілін безепті (түпнұсқа­сы­нан үзінді):
 «...Мы потеряли Есенина – такого прекрас­ного поэта, такого свежего, такого настоящего. И так трагически потеряли! Он ушел сам, кровью попрощавшись с необозначенным другом, – может быть, со всеми нами. Поразительны понежности и мягкости эти его последние строки. Он ушел из жизни без крикливой обиды, без позы протеста, – не хлопнув дверью, а тихо прикрыв ее рукою, из которой сочилась кровь. В этом жесте поэтический и челове­ческий образ Есенина вспыхнул незабывае­мым прощальным светом...».
Құбылып тілін безеу, өтірік өкініп жылау деген осындай-ақ болар. Орыстар айта­тын­дай: «крокодиловы слезы».
«Сөйлер сөзге келгенде тағалаған жор­ғадай» болған Троцкий және оның саясатта­ғы шәкірттері өздеріне қарсы шыққандарға талай тасырлық жасаған.

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ (Айқын газеті)

Abai.kz

 

0 пікір