Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Деп жатыр 4752 0 пікір 25 Сәуір, 2016 сағат 11:40

АЛМАТЫДА "ГЕЙ-ФЕСТИВАЛЬ" ӨТЕДІ

Қазақ қоғамы жерді шетелдіктерге жалға бермеу жөнінде бастама көтеріп, алашапқын болып жатқанда қазақстандық гомосексуалдар Алматының Горький атындағы саябағында гей-фестиваль өткізбекші. Бұл жөнінде Nur.kz "Экспресс-К" басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Олар қазір осы фестивальді өткізу үшін қаражат жинап жатқан көрінеді. Егер де межелі қаражатты жинап үлгермесе, іс-шара арнайы түнгі клубтардың бірінде өтеді-міс. Бұл фестивальге қатысатындар арнайы шақыртумен ғана баратын көрінеді. 

«Сауалнама нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың 82%-ы гейлерді жақсы қабылдамайды. Әрбір төртінші гей өткен-кеткеннің соққысына жығылады. Бізге қоқан-лоққы көрсетеді, қорқытуға тырысады (…) Бұл фестиваль стереотиптерді жоюға бағытталған алғашқы қадам болмақ», — дейді Сад.

Бір қызығы Алекс гейлерді жақтағанымен, лесбилерді «түсінбейтін» болып шықты. Сол себепті, бұл іс-шараға лесбилер шақыртылмады.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір