Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3336 0 пікір 25 Сәуір, 2016 сағат 12:06

Обама мен Меркель Ресейді Минск келісімін сақтауға шақырды

АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель Ганноверде кездесуде Украинаның шығысындағы бітім шарты бұзылып отырғанын атап өтті. Меркель тез арада Минск келісімінің орындалуына қол жеткізуіміз керек деп мәлімдеді.

АҚШ президенті Германия, Франция және АҚШ-тың өзара қарым-қатынасының негізгі рөлі мемлекеттердің тәуелсіздігін қолдау және олардың шекараларының бұзылмауына мүмкіндік жасау деп атап өтті. Обама мен Меркель Минск келісіміндегі міндеттерін орындаған кезде ғана Ресейге қарсы санкцияның алынуы мүмкіндігін ескертті.

Ганноверде өткізген бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде президент пен канцлер АҚШ пен Германияның мигранттар мен босқындар мәселесін шешуде әріптестік жасауы маңызды деп атап өтті. Меркельдің сөзінше, Сириядағы босқындар мәселесін Женевадағы бейбіт келіссөзде талқылау маңызды.

Құрама Штаттар Ганноверде жыл сайын өтетін жәрмеңкеге әріптес ел ретінде бірінші рет қатысып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір