Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3775 0 пікір 25 Сәуір, 2016 сағат 12:10

Армения – Әзербайжан: атыс жалғасуда

Бұған дейін Әзербайжан қорғаныс министрлігі өткен тәулікте армениялық әскерилер екі тарапты бөліп тұрған сызық бойында оқ атпау режимін 108 рет бұзды деп мәлімдеген. Хабарламада Әзербайжан позициясына Армения территориясынан да, "Әзербайжанның басып алынған жерінен" де атқыланғаны айтылған.

Атыс барысында ірі калибрлі пулеметтер, минометтер, артиллериялық қондырғылар мен танктер қолданылған.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі армян әскерінің жексенбіге қараған түні Қарабақ қақтығыс аймағында танк пайдаланғанын айтады. Хабарламада Әзербайжан әскери күші алдын-ала әрекет жасап, бір танктің көзін жойды делінген.

Абай-ақпарат

0 пікір