Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3981 0 пікір 25 Сәуір, 2016 сағат 12:11

Қырғызстан климат жөніндегі Париж келісіміне қол қоймады

Парижде қабылданған, 22 сәуірде Нью-Йорктің штаб-пәтерінде қол қойылған климат жөніндегі келісімге қол қоймай жатыр.

Құжатқа қол қоюдан бас тартқан елдер — Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстан. Тек Ауғанстан мен Тәжікстан ғана келісімге келген.

БҰҰ-ның Климат жөніндегі саммиті 2015 жылы 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өткен. 196 елдің қатысушылары 2020 жылдан кейін өндіріс ошақтарынан шығатын түтіннің нормасын анықтайтын, климаттың өзгеруінің алдын алатын келісімге қол жеткізген.

Құжат 2100 жылға қарай Жердің орта температурасын екі Цельсия градустан асырмауды қарастырады.

22 сәуірде құжатқа әлемнің 175 елі қол қойды.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев былтыр Париждегі климат жөніндегі саммитке қатысқан. Ол өзінің баяндамасында көмірқышқыл газын 30 пайызға төмендетуге уәде берді. Сонымен бірге әлем лидерлерін гидроэлектрстанция құрылысын жүргізуге шақырған.

Абай-ақпарат

0 пікір