Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3156 0 пікір 21 Маусым, 2010 сағат 11:04

Алматы облысында балық шабақтарын құтқару операциясы жүргізілуде

Талдықорған. 21 маусым. ҚазТАГ - Алматы облысының Алакөл ауданында Тентек өзеніндегі шабақтарды құтқару операциясы  жүргізілуде, деп Алакөл балық инспекцясы бөлімінің бас маманы Қанат Жұманқұлов хабарлады.

«Көктемгі мол болған су тасуынан соң, Тентек өзенінің суы Үшарал-Қамыскөл тас жолының бойындағы мыңдаған гектар жерлерге жайылғаны себепті, жүздеген шабақ көлшіктері пайда болды. Бұл балықтардың көбеюіне өте қолайлы жағдай. Мұнда шабақтар бітіп қалған. Бірақ ол көлшіктердің үлкен сумен байланысы жоқ болғандықтан, шара қолданбаса, шабақтар қырылып қалады», - дейді Қ. Жұмағұлов.  

Сондықтан арнайы бригада құрылып, ұсақ тормен шабақтар ауланып, су құйылған ыдыстар арқылы арнайы көлікпен Қошқаркөл көліне жеткізіліп отырды. Жүргізуші көлге барып келгенше, екінші партия шабақтар дайын тұрды», - дейді балық инспекторы. 

Бұл операция Алакөл балық инспекциясының бақылауымен жүргізілді. Оның  директоры К. Бүтіншінов, «Әділ» ЖШС балықшылары тәуліктің жарық кезінде көлге 2-3 см болатын миллионға жуық шабақ жіберді деп атап өтті.

«Егер жұмыс екі аптаға созылатынын ескерсек, тұқы балық (карп) тобына жататын шабақтардың ондаған миллионы көлге жіберіледі, ал бұл шабақ өсіретін екі цехтың жұмысы», - дейді К. Бүтіншінов.

0 пікір