Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3977 0 пікір 27 Сәуір, 2016 сағат 08:55

Қырымдағы Жоғарғы сот қырым татарларының межілісіне тыйым салды

Ресей басып алған Қырымның Жоғарғы соты қырым татарларының атқарушы кеңесін экстремистік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салды.

26 көкекте шыққан шешім Мәскеудің түбектегі билікті бір қолға шоғырландырмақ болған әрекетіне қарсы тұрған татар қоғамына берілген тағы бір соққы болды.

Бұған дейін Ресейдің әділет министрлігі қырым татарларының межілісін экстремистік ұйымдардың тізіміне қосқан. Соттың жаңа шешімі жергілікті билікке газет редакцияларын жабуға және құрал-жабдық пен өзге мүлікті тәркілеуге мүмкіндік береді. Түбектегі 2,5 миллион тұрғынның 12 пайызын құрайтын мыңдаған қырым татарлары екі жыл бұрынғы басқыншылықтан кейін Қырымды тастап кетті.

ТАСС агенттігі басып алынған Қырымның прокуроры Наталья Поклонскаяның бұдан былай межілістің кез келген әрекеті экстремистік танылатыны туралы мәлімдемесін таратты. Кеңес төрағасы Рефат Чубаров Киевте журналистерге межіліс пен онымен байланысты ұйымдар толығымен украин астанасына көшетінін хабарлады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525