Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4047 0 пікір 28 Сәуір, 2016 сағат 10:02

Тәжікстан президенті экстремизммен күресуге шақырды

Тәжікстан президенті Нурек тұрғындары арасында экстремизмнің тарап бара жатқанына алаңдаулы. Бүгінде Нурек қаласының 26 тұрғыны шетелдерде соғысып жүр.

Нурек қаласындағы № 28 орта мектептің ресми ашылу салтанатына қатысуға келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жауапты адамдардың дұрыс жұмыс істемеуінен, ата-аналардың балаларын қадағаламауынан көптеген жастардың экстремистік идеологияға ұрынғанын айтқан.

"Бұл Хатлон облысындағы қауіпті тенденцияның тарауының басты себебі. Ұлттық және мәдени құндылықтарды насихаттаудың орнына тұрғындар арасында ырымшыл және экстремистік көзқарастар кеңінен жайылып жатыр", - деген тәжік президенті.

Рахмон Нурек қаласының тұрғындарын экстремизмге қарсы үлесін қосуға шақырды. Президент пікірінше, экстремизм адамзатқа үлкен қауіп туғызып отыр, бұл құбылыс – әлемге қауіп төндіретін нағыз ғасыр трагедиясы.

Абай-ақпарат

0 пікір