Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4267 0 пікір 29 Сәуір, 2016 сағат 09:44

АҚШ елшілігі Тәжікстан ІІМ-мен бірге жаттығу өткізді

АҚШ елшілігі бұл жаттығулардың төтенше жағдайлар кезіндегі арнайы жасақтың шұғыл қимылдау қабылетін шыңдауға арналған АҚШ мемлекеттік департаментінің террормен күреске қолғабыс ету Бағдарламасы аясындағы үш апталық оқудың шырқау шегі екенін хабарлайды.

Оқу жаттығулары кезінде арнайы жасақ қызметкерлері жергілікті жерді бағдарлай білу, қоян-қолтық ұрыс, көлік құралдарын шебер жүргізе білу және кепілге алынған тұтқындарды босату жағынан машықтанды. Бұл АҚШ елшілігінің арнайы жасақ қызметкерлерімен бірлесіп өткізуді жоспарлаған оқу жаттығуларының бір тармағы.

Абай-ақпарат

0 пікір