Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4013 0 пікір 29 Сәуір, 2016 сағат 09:45

Қырғызстанның жаңа үкіметі ант қабылдады

Премьер-министр Сооронбай Жээнбеков басқаратын Қырғызстанның жаңа үкіметі ант берді. Бішкектегі парламент үйінің қабырғасында өткен ант қабылдау салтанатына Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қатысты.

Жээнбеков бұрынғы премьер Темір Сариев жемқорлық дауымен кеткен соң екі күннен кейін, 13 көкекте үкімет басшысы боп сайланды.Оның бауыры Асылбек Жээнбеков Сооронбай Жээнбеков елдің жаңа премьер-министрі болысымен парламент төрағасы қызметінен кетті.

Бұған дейін 27 көкекте, Қырғызстан парламенті құпия дауыс беру жолымен Қырғызстанның социал-демокартиялық партиясының мүшесі Чыныбай Тұрсұнбековты жаңа спикер етіп сайлады.

Абай-ақпарат

0 пікір