Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4096 0 пікір 3 Мамыр, 2016 сағат 11:00

НАТО Балтық елдерінде құрлық күштерін құруды талқылауда

АҚШ қорғаныс министрінің сөзінше, құрлық әскері "ресейлік агрессияны" ұстап тұру үшін құрылуы мүмкін.

НАТО "ресейлік агрессияны" ұстап тұру үшін Батлық елдері және Польшада құрлық әскерін құруы мүмкін деп мәлімдеді АҚШ қорғаныс министрі Эш Картер.

Оның сөзінше, НАТО-ның әріптестері төрт батальон құру жөнінде талқылап жатыр. Пентагон басшысы бұл жөнінде Германияда Штутгартқа барар жолда мәлімдеді. Онда АҚШ қарулы күштерінің еуропалық қолбасшылығы орналасқан.

Алдын АҚШ Шығыс Еуропаға төрт мыңнан астам америкалық әскер жіберуге ниетті екенін мәлімдеген.

Абай-ақпарат

0 пікір