Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 8402 0 пікір 4 Мамыр, 2016 сағат 10:25

ШАХАНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТКІЗБЕК

Алматыда белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтеді,-деп хабарлайды 31 арна тілшілері.

Ұлт тағдыры, тіл тағдыры үшін талай мінберге шығып сөз сөйлеген азаматтың Алматыдағы кеші мамырдың 20 жұлдызына жоспарланыпты.

Республика сарайының сахнасында ақынның сөзіне жазылған бірқатар танымал әндерді Қазақтан эстрадасының жарық жұлдыздары орындап, ақынның отты жырлары оқылады.

Ақындығы мен азаматтығы қос қанатындай  ақынның шығармашылығын күллі әлем мойындаған. Тіпті Мұхтар Шахановқа түркі халықтары арасындағы ең үздік әлем ақыны атығы да берілген.

Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз­станның халық ақыны, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлы­ғының иегері Мұхтар Шахановтың шығар­машылық кеші алдағы 20-мамырда Республика сарайында кешкі сағат 19:00-де басталады.

Билеттер Республика сарайының кас­сасында және «Жалын» журналының (Пушкин көшесі 2-үй, 6-қабат) редакциясында сатылады.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584