Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3447 0 пікір 4 Мамыр, 2016 сағат 11:54

БҰҰ Қырғызстандағы бағдарламаларының орындалуын тексереді

Қырғызстанға тұңғыш рет БҰҰ-ның атқарушы кеңесінің мүшелері келді. Қырғыз үкіметінің дерегінше, сапар мақсаты - мемлекеттік орган, азаматтық қоғам және демеушілер қауымдастығының өкілдерімен одан әрі әріптес болудың басым бағыттарын айқындап алу боп табылады.

Сапар аясында делегация Баткен, Нарын және Ош облыстарындағы нақты бағдарламалар мен жобалардың қалай жүзеге асып жатқанын тексереді, жергілікті қоғам өкілдерімен және жоба аясында көмек алып жатқандармен кездеседі.

БҰҰ өкілдері республикада жүзеге асып жатқан бағдарламалар мен жобалардың орындалу барысына баға береді. Олардың қатарында аумақты кешенді түрде дамыту, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды жақсартуға ықпал ету, кәсіпкерлік пен сауда-саттықты қолдау, ана мен бала денсаулығын қорғау, мектепке дейінгі, мектептегі және орта арнайы кәсіптік білім беруге көмектесу, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету секілді жобалар бар.

Абай-ақпарат

0 пікір