Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәйекті 5008 0 пікір 5 Мамыр, 2016 сағат 17:50

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРСІЗ ҚАЛДЫ МА?

Тап қазіргі сәтте әлеуметтік желілерде «Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қызметінен кетті» деген ақпарат тарап жатыр. Бұл сөзді басқа-басқа, журналистикада өзіндік қолтаңбасы бар, салмақты баспасөз өкілдері жазып отыр. Біз мәселенің мән-жайын білмек болып аталған министрліктің қоғаммен байланыс департаментінің міндетін атқарушы Қаламқас Қасенееваға қоңырау шалдық.

-          Сау-саламатта боларсыз! Сізді Абай.кз ақпараттық порталынан мазалап тұрмыз.

-          Иә, қандай сұрақпен?

-          Осы қазір ғана Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мырза қызметінен кетті деп естідік. Ол кісі лауазымды орнынан өз бетімен кетті ме, әлде?..

-          Не дейсіз?.. Мен бұндай сөзді сізден естіп тұрмын. Министр - орнында.

-          Рас па?

-          Әрине, рас.

-          Рахмет.

Байланыс департаментінің өкілі осылай деді. Демек, Досаевқа қатысты шеті қылтиған әңгіме әзірге жалған сияқты. Бірақ, ел іші Ұлттық экономика министрі Досаев пен орынбасары Өскенбаевтың ғана емес, Премьер-министрден бастап қазіргі Үкімет мүшелері алдағы күндері қандай шешім қабылдайтынына елеңдеп, құлақ түріп отыр. Өйткені, қандайда бір шетін жайтты қозғап алып, оның шешімін таба алмайтын Үкімет кез-келген елде өзін жарамсыз танып, Президенттен отставка сұрайды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594