Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 5001 1 пікір 10 Мамыр, 2016 сағат 14:50

ҚАН ТӨГІП ЖЕҢІП АЛҒАН ЖЕРЛЕРІҢДІ, ЖОҚ ҚЫЛДЫ ӘКІМДЕР МЕН САУДАГЕРЛЕР

АРДАГЕРЛЕРГЕ

Ассалаумағалейкум,
Ардагерлер!
Ардагерлер бармаған бар ма жерлер?
Қан төгіп, жеңіп алған жерлеріңді,
Жоқ қылды әкімдер мен саудагерлер.
Ассалаумағалейкум, батырларым,
Кешегі жауды жеңген асылдарым.
Майда-шүйде бірдемесін бере салып,
Қарашы әкімдердің қатырғанын.
Тағы да бірдемесін бере ме деп,
Қарашы қарттарымның отырғанын.
Ешқашан, еш заманда сүрінбеген,
Тоққожа, сен де отырсың дүрілдеген.
Томпаңдап той басқарсаң осы ауданда
Жүргенде басқан ізің білінбеген,
Кеңесбек, сен де отырсың осы жерде,
Кассаны жалағандай тіліңменен.
Жолдасбек, сен де отырсың осы жерде,
Қасқырдай қара саннан жұлып жеген.
Кешегі жауды жеңген батырларды,
Алдайсың шөп-шаламмен, гүліңменен.
Дзотқа жүгіргенде осы шалдар,
Мың теңге алайын деп жүгірмеген.
Қырқаның секілденіп сұр қояны,
Әскербек Абаев та жүр ғой әні.
Ақшасы «профсоюз» қайда десең?
Басыңа графинмен бір қояды.
Осы аудан, осы Жамбыл құдай көрген,
Ағамыз сіз де отырсыз Құдайберген.
Сізге де, жараспайды жылай берген,
Бізге де, жараспайды сұрай берген.
Екі жылда бір туатын түйе құсап,
Ақшаңа рахмет бұлай берген.

Есенқұл Жақыпбековтің "Ардагерлерге" атты бұл әзіл өлеңі Иса Момбаевтың FB-дағы парақшасынан алынды.

1 пікір