Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 3341 0 пікір 7 Желтоқсан, 2015 сағат 15:40

ОҚО-ҒА КОРЕЯЛЫҚ МАМАНДАР КЕЛЕ ЖАТЫР

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов Кореялық «Korea Smart Card» компаниясы өкілдерімен кездесті. Нәтижесінде ОҚО әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесін енгізу туралы меморандумға қол қойылды. Енді таяу арада жол жүру ақысының толығымен автоматты жүйеге енгізілуі 100 пайыз инвесторлар есебінен жүзеге асырылады.


 Алдағы 10 күн ішінде кореялық мамандар Шымкентке келіп, қоғамдық көлік саласына зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Бірер ай ішінде, қаладағы қоғамдық көлік саласы толығымен электронды билет жүйесіне көшіріледі. 

«Korea Smart Card» компаниясы IT-консалтинг саласы және автоматты жол жүру билетін сату бойынша әлемдегі ең үздік инвестициялық ұйым болып табылады.
Естеріңізге сала кетер болсақ, аталған жүйе «Ақылды қала» жобасы аясындағы маңызды қадамдардың бірі. Шымкенттің 2020 жылдарға дейінгі даму тұжырымдамасын таныстыру барысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қоғамдық көліктегі проблемаларға баса назар аударғандығын айтқан болатын.

 Соңғы кездері Оңтүстік Қазақстан облысымен Оңтүстік Корея арасында қарым-қатынас жиілеп келеді.

Қараша айында Сеулде Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған форум өтіп, оған Оңтүстік Кореяның түрлі экономикалық секторларында қызмет ететін 180 кәсіпкер қатысқан болатын. Нәтижесінде, екі ел арасында 11 меморандумға қол қойылды.

Атап өтейік, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды бастаған бір топ кәсіпкерлер Оңтүстік Корея мемлекетіне жұмыс сапарымен барған.  Форумнан бөлек ресми кездесулер өтті.    Онда өңірлік деңгейде өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Оңтүстік Корея мен ОҚО кәсіпкерлерінің инвестициялық жобаларын іске асыруға жағдай жасау жайы және Кенгидо провинциясында құрылған инвестициялық хабқа Оңтүстік Қазақстан облысының қатысуы сөз болды.

Сапар барысында делегация Оңтүстік Кореядағы агроөнеркәсіп кешендері мен ондағы ірі инновациялық агротехникалық институтты, өнеркәсіптік жылыжайлар мен Еуропалық іскерлік әріптестік орталығын және тағы басқа ұйымдарды аралады.

 Abai.kz

 

 

0 пікір