Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
46 - сөз 7611 0 пікір 22 Желтоқсан, 2015 сағат 08:49

КҮЙІП КЕТТІМ

МTV каналының АҚЫМАҒЫ - АНЕЛЬ АЛИАСҚАР!
(фотодағы қыз)

Жұмыстан келген бойым. Ішіп отырған шәйіме шашалып қалдым.
Мына ақымақ қызды көк жәшіктің ішінен суырып алып, сазайын бергім келді (қайтейін енді)...

Ыржалақтап, өнер адамдарына сұрақ қойып жүр. Сұрақтарының сыйқы:

1. Иогурттың қағазын жалайсыз ба?
2. Адамдардың бәрі бір уақытта не істейді (өзінің айтуы бойынша қартаяды екен)?
3. Қаңқа қай жерде жасырынған?

Ең сорақысы мынау болды:
4. Жаламасаң тұрмайды,
Тұрмаса кірмейді.

5. Бір қыз қасыңа келіп сүйкенеді, сипанады. Сосын ақша сұрайды?

Біздің өнер адамдарында тауықтың миындай ми жоқ. Мына дүмше қыздың былжырақтаған сұрағына бола, ойланып, терлеп тұрғанын қарашы.
Әй, қу дүние-ай! Күйіп кеттім.

Нұрғали Жанат

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір