Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 3857 0 пікір 23 Желтоқсан, 2015 сағат 11:51

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚАЗАҚ РОМАНСЫ ШЫРҚАЛДЫ


Мәскеуде өткен әлем романстары сайысында Ұлы ақын Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" шығармасы қойылды. Романсты Ресейдің сахна төрінде ән айтқан Мәскеу Мемлекеттік балалар музыкалық театрының солисі Денис Болдов пен Красноярск өлкесінен қатысқан Севастьян Мартынюк бұл шырқаудың ақынның 170 жылдығы құрметіне арналғанын айтты.

Осылайша, «Айттым сәлем, Қаламқастағы» ғашық жігіттің көңілі, ондағы сезімнің сұлулығы, жолдаған ыстық сәлемі бұл жолы қазақ жерінде хат арқылы емес, Мәскеудің төрінде тыңдарманға ән арқылы ұсынылды. Көрерменнің ақын Абайдың жан дүниесіне, шығармашылығына үңілуіне мүмкіндігі болып, риясыз құрмет, ықыласын білдірді.  

Ақтық сында қазақ қаламгері Абайдың ғұмырлы жырына жан бітірген байқау қатысушылары назардан тыс қалмады. "Айттым сәлем, Қаламқас" деп Мәскеудің төрін әнмен тербеген 25 жастағы үміткер Денис Болдов үшінші орынды, ал Красноярск өлкесінен қатысқан 21 жастағы студент Севастьян Мартынюк бірінші орынды жеңіп алды. Әлем романстары байқауының ұйымдастыру алқасы енді Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" шығармасын сайыстың алтын-қорына енгізуді ұйғарды.

Жүлдені табыстау мәртебесі біздің өңірдің өкілдеріне бұйырып, әлемнің 15 елінен, Ресейдің 62 қаласынан қатысқан сайыста жеңімпаздарға жүлдені облыстық мәдениет басқармасының басшысы К.Айдарбекова тапсырды.

Айта өтейік, халықаралық жас романс орындаушыларының байқауы биыл Мәскеуде ХІХ рет ұйымдастырылды. Оған әлемнің 438 вокал орындаушылары жолдама алған. Айтулы өнер байқауында Ресейдің  Еңбек сіңірген өнер қайраткері Галина Преображенская қазақ романсына деген ерекше құрметін жеткізді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір