Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4146 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 06:30

Ғарышқа құштарлық қаршадай кезден қалыптасады

Жан-жақты дамыған қайсы бір шет мемлекетте болмасын мектеп оқушылары бастауыш сыныптан-ақ инновациялық технологиялардың негізіндегі ғылыми жетістіктерді жетілдіруге жұмылдырылады. Әсіресе халыққа қажетті тұрмыстық техникалардан бастап авиациялық самолёттер мен ғарыштық зымырандардың кішірейтілген нұсқасын жасап, жаңа үлгілерді спорттық жарыстар барысында сынау жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Себебі кәдуілгі зымыран моделдерінің ұзақ ұшатын қарапайым түрлері халық шаруашылығында (таулы өңірде қатерлі аудандарды бақылау, өрт оқиғаларының алдын-алу мен экологиялық мониторинг жүргізу, аэрофото түсіру сынды басқа да бағыттарға) кеңінен қолданылады. Ендеше шетелдік фермерлер үшін бау-бақша мен егін алқаптарындағы зиянкестерге қарсы улы дәрілер шашуда радиомен басқарылатын “қанатты көмекшелері” қолғабыс көрсететіндігіне танданбаймыз. 
Тарихтың тереңіне үңілсек 1871 жылы Пино есімді өнертапқыш өзі құрастырған ойыншық іспеттес моторлы аэропланды әуеге самғатыпты. Одан кейін орыс ғалымы Н.Жуковский Мәскеуде 1910 жылы тұңғыш рет байқау өткізіп, 170 метрлік биікке көтерілген өз нұсқасымен жеңімпаз атанған. Әлемге әйгілі конструктор Сергей Королев та жастайынан осындай үйірмелерге көп қатысқан  екен. Демек жалпыға бірдей білім беру бағадарламасының аясында сабақтан тыс уақыттарда ұйымдастырылатын қосымша сабақтардың бала құштарлығын оятып, қиялына қанат бітірері хақ.

Жан-жақты дамыған қайсы бір шет мемлекетте болмасын мектеп оқушылары бастауыш сыныптан-ақ инновациялық технологиялардың негізіндегі ғылыми жетістіктерді жетілдіруге жұмылдырылады. Әсіресе халыққа қажетті тұрмыстық техникалардан бастап авиациялық самолёттер мен ғарыштық зымырандардың кішірейтілген нұсқасын жасап, жаңа үлгілерді спорттық жарыстар барысында сынау жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Себебі кәдуілгі зымыран моделдерінің ұзақ ұшатын қарапайым түрлері халық шаруашылығында (таулы өңірде қатерлі аудандарды бақылау, өрт оқиғаларының алдын-алу мен экологиялық мониторинг жүргізу, аэрофото түсіру сынды басқа да бағыттарға) кеңінен қолданылады. Ендеше шетелдік фермерлер үшін бау-бақша мен егін алқаптарындағы зиянкестерге қарсы улы дәрілер шашуда радиомен басқарылатын “қанатты көмекшелері” қолғабыс көрсететіндігіне танданбаймыз. 
Тарихтың тереңіне үңілсек 1871 жылы Пино есімді өнертапқыш өзі құрастырған ойыншық іспеттес моторлы аэропланды әуеге самғатыпты. Одан кейін орыс ғалымы Н.Жуковский Мәскеуде 1910 жылы тұңғыш рет байқау өткізіп, 170 метрлік биікке көтерілген өз нұсқасымен жеңімпаз атанған. Әлемге әйгілі конструктор Сергей Королев та жастайынан осындай үйірмелерге көп қатысқан  екен. Демек жалпыға бірдей білім беру бағадарламасының аясында сабақтан тыс уақыттарда ұйымдастырылатын қосымша сабақтардың бала құштарлығын оятып, қиялына қанат бітірері хақ.
Алғашында көпшіліктің қызығушылығымен бейресми түрде ұйымдастырылған жарыстардың соңы әлемдегі мүдделі мемлекеттерді ортақ мақсатқа біріктіретін ұлттық үрдіске ұласты. Нәтижесінде зымыран сүлбісін (модель) ұшыру мәселесімен тікелей халықаралық авиация спортының федерациясы дербес айналысуда. Өйткені көрнекті құрастырушы ғалымдар өздерінің жобаларына талантты жас техниктердің ізденістеріндегі тиімді тұстарын пайдаланады екен. Бұл – байқоңырлық мұғалім Ахметуллаев Аманжолдың пайымды пікірі. 
Негізгі мамандығы бойынша инженер энергетик ол 1986-1997 жылдары Арал қаласындағы жас техниктер станциясының радио-электро техника үйірмесінің жетекшісінен директорлық лауазымына дейін жоғарылап, ауданға аты шықты. Алайда қаржы тапшылығы мен басқа да қиыншылықтардың кесірінен іргелі ұжымның еріксіз таратылуына байланысты біраз уақыт бос жүруіне тура келгенін қайтерсіз. Бүгінгі таңда жұлдызды қалашықтың Абай Құнанбаев атындағы №5 қазақ орта мектебінде еңбек технологиясы пәнінен дәріс оқып жүр. Соңғы жеті жылдан бері құрамына қырықтан астам әуесқой баланы біріктірген ракета моделдері үйірмесін басқарады.
- 2002 жылы бұл топты жасақтауыма жергілікті Халықаралық Ғарыш Мектебінің (МКШ) директоры Дмитрий Шаталовтың зор ықпалы болды. Өйткені ондағы оқушылар сол кезде спорттың осы түріне айрықша ден қойып, талай тартыстарда алдына жан салмай жүрген еді. Бүгінде біздің балалар жергілікті орыс және қазақ мектептеріндегі қарсыластарының бәрін басып озып, суырылып алға шықты, -  дейді Аманжол Айтжанұлы өз сөзінде. – Қандай қиындықтарға кезексем де әрқашан қолтығымнан демеген қалалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Жолмырза Құлмағанбетұлы мен мектеп директоры Аманжан Әменұлына айтар алғысым шексіз. Өйткені қарапайым қазақтың перзенттері ұлтымыздың ойы ұшқырлығын  төрткүл дүниеге танытуға мүмкіндік алды.      
Мына қызықты қараңыз, бір ғана шағын нұсқа отызға жуық майда бөлшектерден тұрады. Жасалу жолын жетік меңгерген зерек балғын қолындағы үлгісін он күнде толықтай құрастырып шығуына болады. Бірақ асқан төзімділікті талап ететін бұл бейнетке екінің бірі шыдай бермейді. Сондықтан шығар аталмыш мектептегі оқушылардың бастапқы бәті бәсеңсіген.
Алайда ресейліктер тұңғыш жасанды жер серігінің ұшырылуының жарты ғасырлық мерекесіне орай Азия елдерінің бірінші бәсірелі бәйгесін әлемге әйгілі айлақта өткізу жөніндегі шешімнің қабылдануына бастамашылық танытты. Дмитрий Владмировичтің  ұсынысымен қасиетті абыз баба мәңгілікке дамыл тапқан жер кіндігі Жетіасар аймағындағы халықаралық дәрежедегі дүбірлі дода ережесіне “Қорқыт Ата” кубоғы бірауыздан енгізіліп, былтыр үшінші рет жүйріктерге жүлде үлестірді. Жарыс жалдық сипаттағы өңірде жарасымды жалғасын тауып келеді. Байқоңырдағы басшылар қонақтарға қашан да жайлы жағдайлар жасауға бейіл. 
Шынында көрші билік бюджеттен бөлінген қомақты қаржымен қысқа мерзімде қаладан 10 шақырым қашықтағы Ташкент-Мәскеу автотрассасы мен “Сатурн” өлшеуіш кешенінің ортасындағы суы құрғаған көлдің табанынан арнайы лагерь  құрылысын  салып шықты. Онда зымыран моделдерін ұшыратын плацдарм, палаталы қалашық, жылжымалы асхана, төрешілердің орны мен әр елдің туын көтеретін тұғырлар қойылған. Тынымсыз жүргізілген дайындықтардың нәтижесі шығар сол 2002 жылы талантты шәкірттері жергілікті жарысқа тұңғыш қатысып, екінші және үшінші қатардан көрінген еді.
Алматы қаласында келесі жылы өткізілген республикалық байқауда Оңдасов Марат есімді оқушы жеке жетістігімен дараланып, алғашқы чемпион атанды. Халықаралық сайыста (2005) ауыспалы “Байқоңыр кубогын” жетінші рет иемдеген олардың бұл құнды дүниенің өз еншілерінде қалдырылуын аз ғана уақытта биік белесті бағындырғандарының нақты дәлелі дерсің. Шәкірттерін жеңісті жолға жетелеген ұлағатты ұстаз сол жылы Мәскеу қаласындағы әлем этапы кубогында S9А (ротошют) сынағы сәтінде қарсыластарының бәрінен басым түсіп, өз оқушыларына үлгі-өнеге көрсете білді. Байқоңырдағы байқау барысында S6А (лента стримерь) және S12А (әмбебап) түрлері бойынша дараланған жоғарғы көрсеткішін тағы қосыңыз. Сондай-ақ ол соңғы екі жылдан бері жанкүйер қауымға қазақстандық құрама команданың бас бапкері ретінде таныла бастады. Демек жетекшілігіндегі жастарды үйретумен қатар еліміздің әр аумағынан келетін үміткерлер үмітінің ақталуына да үлкен үлес қосып жүргені даусыз. Оның үстіне өзі құрастырған нұсқаның бұрыннан қалыптасқан үлгісіндегі ұшу тетігін барынша қаттырақ айналдыруға көмектесетін қозғалтқыш бұйымды ойлап тапқан жаңашылдығы және бар. Алдыңғы жылы арнайы шақыртумен атыраулықтарға мастер класс өткізсе, былтыр Павлодардан өтініш түсіпті. Ғылымның ғажайыбы мен сиқырлы спортты бір арнаға тоғыстырған өрелі өнердің шынайы жанашырына айналған атпал азаматтың ерен еңбегін әріптестері әділ бағалап, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ұсыныпты. Тиісті құжаттар ресми орындар арқылы рәсімделуде екен.
2007 жылы Азия құрлығының ашық біріншілігінде “Қазақстанның спорт мастері” Ахметуллаев Шыңғыс пен Жұмабаев Данабек және Сақыпов Сұңғат үшеуі чемпион атанса, отандық спортшылар сапында өнер көрсеткен кезде командалық есептің қорытындысымен қатысушы 17 мемлекеттің өкілдері арасында ресейліктерден кейін екінші орынға көтерілді. Олардың бұл жеңісі еліміздің абыройын асқақтатып қана қоймай Сыр өңірінің де мерейін тасытқаны анық. Былтыр қыркүйек айында жалдық сипаттағы өңірде жүздескен ракета моделін ұшырушылардың дүниежүзілік IX жарысында тағы да талассыз топ жарып, ауыспалы “Байқоңыр кубогын” екінші мәрте иеленді. Ал қарашаның 4-11 аралығында Ташкент қаласында ұйымдастырылған Өзбекстан Республикасы Ұлттық авиация спорт кубогынан (НАСК) бірінші орынмен оралғаны да өзгеше олжа. Олар енді алдағы Әлем этапы кубогы мен Азия чемпионатында ешкімге есе жібермеу үшін қызу әзірлікке кіріскенін көрдік. Бұны 2010 жылы Словакия мемлекетінде өткізілетін байрақты бәсекеде бас жүлдені қоржынға салуға жасалған қарымта қадам ретінде бағалауға да болар бәлкім.           
А.Ахметуллаев әңгімелеген ірілі-ұсақты жиырмаға жуық кубок пен медалдың тарихын саудырата санап шықпасақ та ең негізгілерін ұсынудағы басты мақсат – сирек кездесетін кәсіптің құпиясына қанық майталман маманның озық тәжірибесін ортаға салу. Себебі мектептерде жаңалыққа жаны құмар өскелең ұрпақты озық техникалар мен заманауи технологияның құпиясына баулитын пәндер тереңдетіле оқытылмайды. Алыс ауылдарды айтпағанда ірі қалалардан үйірмелер ұйымдастыру да оңай шаруа емес сыңайлы. Сұрастыра келе Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданында ғана шағын топтар бар екендігін анықтадық. Қалғандары қу шөппен ауыз сүрткізгендей. Осындай олқылықтардан кейін жыл сайынғы жарыстарға облыстың абыройын қорғайтын бірде-бір адамның қатыспағанына өкпелеуіміз орынды ма?  
Мәселенің мән жайын саралағанымызда салалық Министрлік пен Ұлттық ғарыш агенттігі тарапынан ортақ мақсатты көздейтін бірлескен түрдегі тұшымды тұжырымдама түзілмегендігін білдік. Рас республикалық оқу-әдістемелік орталығы жыл сайынғы жұмыс жоспарға сәйкес ұшақ, кеме, автомобиль және зымыран моделдерін жасау бойынша байқау өткізіп келеді. Шығармашылық шараның спорттық техника түрлерінің дамуына жәрдемдесумен бірге таудай талап иелерін қолдауға бағытталғаны да қуантады. Бірақ бұл аздық    
Адамзат ақыл-ойының мықты мүмкіндіктерінің жиынтығы іспетті ғарыш саласына мамандануға ұмтылған қазақтың өршіл ұл-қыздарына қарсы кеңестік кезеңде көптеген кедергілер қойылғанын білеміз. Ендеше қазіргі кездің келеңсіздіктеріне кімді күстаналауымыз керек? Тәуелсіздіктің тұсында ұлттық теле-радио эфиріміз арқылы қалың көпшілікке насихаталуы тиіс танымдық тұрғыдағы қызықты хабарлар түгілі ай сайын жарық көретін “Зерде” журналынан өзге қазақ тіліндегі баспа өнімдерін таппай  жүрсек.    
- Сабақ барысында пайдалануға қажетті қосымша көптеген мәліметтер жүйелі жарияланатын ресейлік “Модельист конструктор”,“Юный техник”, “Техника молодежи” сынды мерзімді басылымдарды тұрақты жаздыртып алуға мәжбүрмін. Моделдер жасауға қажетті қарапайым қатырма қағаздан бастап түрлі техникалық сұйықтарға қоса жіптер мен жеңіл ағаштар бәрі-бәрі көршімізден әкелінеді, - деп ағынан жарылды Аманжол ағам. – Бұл елде жастардың жігерін жанитын ұзақ мерзімдегі бірегей бағдарлама аясындағы арнайы мектептер де көбейіп келеді.

Бізде де қуантарлық қадамдар барынан хабардармын. Нұрсұлтан Әбішұлы дарынды жастарға мемлекеттік қамқорлық жасалуын басты назарда ұстайды. Байқауымша балалардың техникалық даму үдерісіне қызығушылығы күшті. Алматы мен Ақтөбе және Қарағанды қалаларындағы ынталы шәкірттер санының арта бастауы осы сөзіме дәлел. Ұл-қыздарымыздың қарым-қабілетін ұштап, бейімділігін арттыратын сындарлы сәтте келіп жеткен сыңайлы. Атқарушы органдар халықаралық грант тағайындап, материалдық базаны күшейтуі қажет. Қалталы кәсіпкерлер да қарап қалмағаны жөн. Сонда ғана еліміздегі тұңғыш high-tech индустрия нысанын кіндік Азиядағы интеллектуалды орталыққа айналдыратын отандық ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыра аламыз.

“Alatau IT City” ақпараттық технологиялар паркі арқылы нанокристалдық ұнтақтарды пайдаланудың нәтижесінде ғарышнама ғылымының көкжиегін кеңейтетін ғаламдық жобаның ертеңгі авторы бүгінгі байқоңырлық балғындардың бірі болмасына кім кепіл?! Ал әзірге олар Халықаралық Ғарыш мектебі басшылығының қаржылай қолдауын қанағат тұтып жүр. Қазақстандық құрылымдардың қашан және қаншалықты көмек көрсететіндігі беймәлім.

 

Нұрлан  МЕРАЛЫ, журналист. Байқоңыр қаласы.

 

 

 


0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3611