Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Мәйекті 8422 0 пікір 28 Желтоқсан, 2015 сағат 18:23

АТАМБАЕВ ЕАЭО ҮШІН ЕРДОҒАНДЫ САТЫП КЕТТІ

Ресейлік РИА «Новости» агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев: «Түркия қарулы күштері атып құлатқан ресейлік Су-24 ұшағы үшін Анкара билігі Мәскеуден кешірім сұрауы тиіс» деген.

«Менің ойымша Түркия қарулы күштері атып түсірген ресейлік Су-24 ұшағы үшін Түркия билігі Мәскеуден кешірім сұрауы тиіс. Менің ұстанымым бойынша, бұл жерде бәрі айқан. Кей кездерде мойындау да керек. Бұл экономикалық және саяси тұрғыдан екі тарапқа да тиімсіз соғыс. Ресей ұшағын атып түсіру өте қате шешім болды. Тіпті олар айтқандай, ресейлік ұшақ 17 секунд бойы Түркия территориясына кірген күннің өзінде, ұшақты ату ақылға сыйымсыз. 17 секунд үшін 20 жылдан астам уақыт бойы қалыптастырған қарым-қатынасты тәрк етуге болмайды»,-дейді Атамбаев мырза.

Бұған дейін Қырғыз Президенті: «Ердоған мырза маған шын сөзін айтты. Оның ИШИМ-мен ешқандай байланысы жоқ. Болады ғой. Кейде Мемлекет басшысының сыртынан жасырын әрекеттер жасалып жатады» деп еді.

Естеріңізде болса, Тайып Ердоған Түркия Президенті болып сайланған күні, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев арнайы Анкараға барып, жаңа Президенттің иннаугурациясына қатысқан еді. Сонда қырғыз көшбасшысы Ердоғанды «аби» аға деп арқасынан қаққан.

«Ердоған мынрзаның арқасында Түркия әлемдегі ең экономикасы қуатты елге айналып келеді. Сіздерді Ердоғандай басшыларыңызбен құттықтаймын! Жасасын Түркия!», деген.

(

)

Арада бір жыл өткенде Түркия Президенті ресми іс-сапарымен Бішкек қаласына келеді. Сонда, Атамбаев мырза Түркия Президентін арнайы күтіп алып, түрік тілінде сөйлеген.

(

)

«Бүгін бізге Ердоған ағамыз келді. Ердоған ағамыздың келгеніне бүкіл қырғыз даласы қуанады. Ердоған ағамыздың көмегінің арқасында біздің елдің экономикасы аяққа тұрып келеді. Біз ұялмай тағы да сұрадық. Ердоған аға, бізге қарыз беріңізші деп. Ағамыз әдеттегідей қолымызды қайтармады. Өйткені бұл ағамыздың ата топрағы. Ата жұрты. Қош келдіңіз аға» деген сөздерінен кейін көзінен жас аққан Ердоған Қырғызстанға қайтарымсыз 90 миллион долларды көмек ретінде сыйға тартқан болатын.

Ал енді, Қырғызстан Президенті Түркия-Ресей жанжалына араласып, Ресейдің ресми позициясын қолдайтынын айтқан.


Естеріңізде болса, осыған дейін Украина дағдарысына қатысты, Атамбаев мырза Қырымда өткен референдумды және ол аймақтың Ресей құрамына кіру туралы шешімін заңды деп танитынын айтқан болатын.

Түйін: Иә, Атамбаев ЕАЭО үшін түркі жұртының тұтастығына қарсы шықты. Ердоған мен Атамбаев достығына сызат түсті. Су-24 ұшағына қатысты дау – Түркия Президентін ең сенімді екі серіктесінен айырды. Біздің билік Ресей ықпалынан шыға алмайтынын әу баста-ақ, ымдап, түсіндірген еді. Осылайша, Путин қолтығының күлімсі исіне құмарту індеті пост-кеңестік елдерде кең етек жаюда. Геронтакратиялық жүйе басшылары ЕАЭО елесінің етегінде жүргенде, түркі жұртының тұтастығы бұзылып тынатынын елестетудің өзі қорқынышты һәм аянышты.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530