Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4253 1 пікір 29 Желтоқсан, 2015 сағат 09:18

ИМ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРГЕН СИРИЯЛЫҚ ӨЛТІРІЛДІ

Таяуда «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымының содырлары жайында деректі фильм түсірген сириялық журналист және азаматтық белсенді Наджи Джерф жексенбі күні Түркияда өлтірілді.

Raqqa Is Being Slaughtered Silently түсіру тобы Twitter-ге Джерфті түрік қаласы Газиантепте тапаншамен атып кетті деп жазған.

Джерфке қастандық жасағанға дейін, ИМ туралы деректі фильмде Сирияның Алеппо қаласындағы содырлардың қылмыстары жайында айтылған. Джерф сонымен бірге Сирияға тарайтын Hentah газетінің бас редакторы болып жұмыс істеген. Джерфтің танысы France Presse агенттігіне берген сұхбатында кинорежиссер осы аптада саяси баспана сұрау үшін, отбасымен Парижге кету керек болған деді.

Бұл ИМ-ге қарсы азаматтарды Түркияда өлтіріп жатқан бірінші жағдай емес. Алдын ИМ-ге қарсы тұрған сириялық танымал белсендінің өлімін ИМ өздерінің жауапкершілігіне алған. 

Абай-ақпарат

1 пікір