Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4128 1 пікір 29 Желтоқсан, 2015 сағат 09:31

САУД АРАБИЯДА ҮШ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰСТАЛДЫ

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының Медина қаласында үш қазақстандықтың ұсталғанын хабарлады. Министрліктің дерегінше, олар экстремистік ұйымдарға қосылмақ болды деген күдікке ілінген.

«Новости Казахстана» ақпарат агенттігі Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың:  «Дәл қазір, желтоқсанның 20-да Медина қаласында Қазақстанның үш азаматының ұсталғаны туралы айта аламыз. Олардың бәрі Медина қаласындағы Ислам университетінің студенттері.», - деген сөзін келтіреді.

Бұған дейін  саудиялық Al-Jazeera газетіне сілтеме жасаған жергілікті газеттер Қазақстанның бес азаматы ұсталғаны туралы жазған еді. Қазір Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігі азаматтардың не үшін ұсталғанын анықтауда. Жайнақов саудиялық билік орындарынан тағы екі қазақстандықтың ұсталғаны туралы хабар түспегенін айтты.

Абай-ақпарат

1 пікір