Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4237 0 пікір 30 Желтоқсан, 2015 сағат 11:44

РЕСЕЙДЕ ИМ-ГЕ КӨМЕКТЕСКЕНІ ҮШІН ЕКІ СТУДЕНТ СОТТАЛДЫ

"Ислам мемлекетіне" қаржылай көмек көрсеткені үшін екі ресейлік студент қыз бес жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Астрахань қаласындағы медицина институтында оқитын Елена Аршаханова және Саида Халикова үйге қажет бұйымдар мен қолдан жасалған сабын сатудан түскен ақшаны ИМ есепшоттарына аударып отырған деп айыпталды. Былтырғы жылдың желтоқсанынан бері қамауда отырған Халикова шамамен 43 мың рубль жолдады делінеді. Оның адвокаты бұл ақшалардың мұқтаж жандарға көмектесетін ислам қайырымдылық ұйымдарына арналғанын уәж етуде.

Сот өкілі Ирина Жирнованың айтуынша, екі қыз да кінәларын мойындаған. Халикованың анасы қызының тергеу барысындағы қысымға шыдамай қол қойғанын айтады.

Билік орындарының мәліметінше, Ирак пен Сирияда ИМ жағында 2 900-ге жуық ресейлік соғысып жатыр. Ресейлік ұлттық террорға қарсы комитет 2014 жылы елге 214 күдікті ссодырдың қайтып келгенін, оның 41-і тұтқындалғанын хабарлады.

Abai.kz         

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3613