Жұма, 26 Сәуір 2024
Деп жатыр 5117 0 пікір 30 Желтоқсан, 2015 сағат 12:23

ҚАЗАҚ ШОУ-БИЗНЕСІНІҢ ӨКІЛДЕРІ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Отандық шоу-бизнес өкілдері 2015 жылғы жетістіктерімен бөлісіп, қалың көрерменге биылғы жылдың несімен есте қалғанын баяндады, деп хабарлады 31 арна.

Биыл “Музарттың” барлық мүшелері жаңа жылды отбасымен қарсы алады. Бұл мереке күндері музыкалық топ жылда ешқандай тапсырыс қабылдамайды екен. Ал, топтың әншісі Кенжебек Жанәбілов биыл жеке шығармашылығына көп көңіл бөлгенін айтады.

“Музарттың” өзге мүшелерінің жеке өмірінде де биыл қуанышты сәттер болды. Мейрамбек Бесбаевтың екінші баласы дүниеге келіп, жұбайы Мархаббат екеуі ұлды болған еді. Қуанышы қойнына сыймаған Мейрамбек бұл күнді үйінде, ақ дастархан басында, дос-жарандарымен дүркіретіп атап өткен болатын.

Биыл сәбилі болған шоу-бизнес жұлдыздарының тізімінде Тоқтар мен Бейбіт те бар. Олар егіз ұлды болып, қазақ халқын қуантқан еді. Және де Алмас Кішкенбаев, Нұржан Керменбаев, Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева, Мирас пен Құралай да қой жылы сәбилі болды. Сондай-ақ 2015 жылы қызды болған Сиви Махмудиге жары Бентли сыйлағаны ел есінде.

2015 жылы Роза Рымбаева мерейтойын атап өтті. Өмірінің 40 жылын сахнаға арнаған әнші бұл қуанышты күнді халық алдында концерт беріп өткізген еді.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова да биылғы жылдың табысты болғанын айтады. Елдің қуанышына әрдайым ортақ болып жүретін әншінің есімі Қарағандыдағы жұлдыздар аллеясында қашалып жазылды.

Жыл соңында бірқатар әнші “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағын иеленді. Олардың қатарында актриса Айгүл Иманбаева, Медеу Арынбаев, Жанар Дұғалова, Тұрсынбек Қабатов бар.

Айта кету керек, қой жылының соңында Айгүл Иманбаева өз мектебінің тұсауын кескен еді. Осындай бизнес бастаған әншінің өнер-білім орталығынан ән, би, актерлік шеберлікті ғана емес, оқушылар бірнеше тілді меңгеріп, қосымша сабақтарға қатыса алады.

Айгүлдің алдында әнші Роза Әлқожа өз бизнесін қолға алған еді. “Әлқожа бренд” деп аталатын орамалдары сатылатын өз дүкенінің есігін айқара ашқан болатын.

Abai.kz         

 

 

 

 

 

 

0 пікір