Сенбі, 20 Сәуір 2024
Тарихтың бір күні 7203 0 пікір 31 Желтоқсан, 2015 сағат 11:22

МЕШІНГЕ МЕГЗЕУ

Кел, Мешін-жыл мерейлі боп ең ізгі,

Тебірентіп күллі әлемді, теңізді.

 Тасынта бер ырзық пенен ырысты,

  Асырта бер егіз бенен сегізді.

 Сенің жылың Жерді Айдай айлансын,

Байлық біткен Бас туыма байлансын.

Адамзаттың атан жүгін арқала,

Деме бізге қайсы жұрттан, қайдансың.  

Мешін жылы, меймілдетші мейірді,

Көпті қолдап, көл-көсір ет пейілді.

Ұлы істерін жалғастырсын бабаның

Ұл мен қыздар, ұрпақ біздің кейінгі!

Бақытжан Тобаяқтан.

3 желтоқсан, 2015жыл.

Abai.kz

0 пікір