Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 5250 0 пікір 11 Қаңтар, 2016 сағат 10:21

«ТЕКТІМІЗ» ДЕЙМІЗ. ТЕКТІЛІГІМІЗ ҚАЙСЫ?

Біз, ұрпақтың бүгінгі буыны, өзімізді өзіміз алдауға құмар емеспіз бе осы?.. "Біз тектіміз" – дейміз. Тектілігіміз қайсысы: басым замандастарымыз жеті атасының кім екенін білмей өсіп келе жатыр?!. "Тəрбиелі елдің ұрпағымыз" дейміз, менің пікірім көшеде қараусыз қалған ұрпақтың дүниеге кеп жатқанын көре отырып, мұны қолдай алмайды. Кешегі ұрпақ, ата буын ұлттық болмысымызды ғана емес, адам ретінде өмір сүруге қажет, психологиялық, физиологиялық сипаттарды толық қамтыған салтты қалыптастырды. "Болашағым үшін" деп жасады. Ал бүгінгі буыннан біздің болашағымыз не алар екен?.. Мəдениет. Жаһандық өмірге қадам. Саны көп. Толықтыра беруімізге болады. Бірақ, қазақылығымыздың қанша пайызын ұсына алар екенбіз?.. Елімізге не бере алар екенбіз?..

Арай Жүндібаева

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір