Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 3724 0 пікір 14 Қаңтар, 2016 сағат 09:57

КЕПТЕРЛЕРГЕ ЖЕМ ТАБУ ОҢАЙ, БІЗГЕ ҚИЫН...

Талай жұлдыздарды балшыққа батырған халық, қаласа, балшықта жатқан адамды жұлдыз қылып алады...

Ұлттық университеттің Халықаралық қатынастар (МО) факультетін бітірген бір келіншек күйеуімен шығыса алмай жүр. Халық көтерілсе шара қолданатын билік, доллар көтерілгенде мыңқ етпейді. Өтірік айтқан адам марапатталып, шындықты айтқан адам жазаланады.

Өнерлілер өнерімен ақша жасап жатса, ақшалылар ақшасымен өнер жасап әлек. Көшеде отырған қайыршыға шіріген байлар емес, айлығы шайлығына жетпейтіндер орташалар бес-он тиын тастайды. Кешегі кеңестік кезеңде халық үшін еңбек еткен адамдар халық жауы аталса, бүгін билік үшін бәріне даярлар халық қалаулысы аталуда.

Мына суретте екі кішкентайым балмұздақ алыңдар деп берген ақшасының жартысына жем сатып алып, кептерлерге шашып жүр. Шын мәнінде кептерлерге жем табу оңай ғой... Бізге қиын. Құдай сақтасын. Ең бастысы мейірім жоғалмасыншы. Уақыт бәрін орнына қояды.

Бейбіт Сарыбай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532