Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3351 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 06:23

Aлаяққа алданған аңқулар арыздануда

Байқоңырдағы қазақстандық прокурордың аға көмекшісі Бауыржан Бейсенбаевтың ұсынған ресми мәліметіне жүгінсек  былтыр алаяқтыққа қатысты 62 қылмыс тіркеліп, оның 42-сі бойынша іс қозғалған соң айыптау қорытындысымен жергілікті соттың қарауына жолданған. Ал қалған он төртіне қылмыстық іс қозғаудан бас тартылыпты. Биыл да мұндай оқиғалар аз болмай тұр. Себебі құқық қорғау қызметкерлері халықтың қалтасындағы қаржысын қақшумен күн көріп жүргендердің бірі ретінде осы қалада тұратын азаматша Гүлнұр Жалғасованың түрлі заңсыз әрекеттерінің әшкерелене бастағанын растап, жұртшылықты айлакерлерге алданып қалмау жағын ескертіп бағуда. 
Бір ғана нақты мысал, 2008 жылғы мамыр айының 28-інде  қаладағы Титов көшесі №15 үйдің жанында орналасқан орындықта дем алып отырған М.Кенесбайқызының қасына барып, оған өзін Қазақстан-Ресей “Бәйтерек” бірлескен кәсіпорнының жергілікті филиалы қызметкері ретінде таныстырған. Ұлының жұмыссыз жүргенін айтқан бейтаныс жанға осы ұжымның қарауылы болып қабылдануыа көмектесетіндігін айтып, баласының жеке куәлігі мен РНН және СИК көшірмелері мен екі дана 3х4 фотосуреттеріне қоса күзетшілерге берілетін сертификат иеленуі үшін 20 000 теңгесін алдап алған.

Екі елдің заңнамалары қатар қолданылатын жалдық сипат жағдайындағы өзіндік ерекше мәртебесі бар өңірде екі қолға бір күрек таба алмай бос жүрген қарапайым кәсіп иелері мен көрші биліктің еншісіндегі кәсіпорын және мекемелерден қысқартуға ұшыраған мамандарды жалақысы мол жұмысқа тұрғызуға уәде беру арқылы аңқау азаматтардың сеніміне кірген ол жалпы сомасы 383 мың теңге жинапты. Кейін бұл ақшаны өзінің бас айдасына жаратып жібергенін білген жәбірленушілер заң орындарына арыздануға мәжбүр болған. 
Қазақстан Ішкі Істер Министрлігінің Байқоңырдағы Өкілдігі 16 қылмыстық деректің ізімен іс қозғап, тергеудің қорытынды нәтижелерін қалалық сотқа ұсынады. Айыпталушының қылмыстық Кодекстің 177 бабындағы 2 бөлімінің “б” тармағымен кінәлі екендігі  анықталыпты. Өзінің үш жыл мерзімге бас бостандығынан айрылатындығын білген Гүлнұр Жалғасова жалбарына жылап, мойнындағы қарызын иелеріне қалайда қайтаратындығына сендіргеннен кейін тағайындалған жазаны шартты деп санаған судья 2 жылдық сынақ мезімін белгілеген-ді. Бұл - 2008 жылғы қыркүйек айының 22-і болатын.   
Алайда оңай жолмен табыс табуға әдеттенген ол арада бір айдан соң соттың шешіміне қарамастан М.Ерболатов есімді жігітке жұмыс тауып беретіндігін айтып, 7400 теңге залал келтірген. Осы дерек бойынша биылғы ақпан айының ортасында қалалық прокуратур тарапынан іс қозғалып, кінәлі сот қаулысымен қамауға алыныпты. Айылын жимаған алаяқ әйелдің үстінен шағымданушылардың мәліметтері бойынша басқа да қылмыстарға тікелей қатысы барлығы белгілі болып, барлық жинақталған фактілерді түгелдей тексеру жұмыстарының ауқымды түрде жан-жақты жүргізіліп жатқанын есіттік. 
Уақытша жұмыссыз танылған Гүлнұр Жалғасованың бұрын қайда қызмет жасағанын анықтау мақсатымен сұрастырғанымызда Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі бұрынғы арнаулы өкілі Әділбек Әлімжанұлы Басекеевтің халықтық "Отан" демократиялық партиясы Байқоңыр қалалық филиалының төрағасы лауазымын қоса атқарған 2005-2007 жылдар аралығында партия мүшелерін есепке алумен қатар оларға партия билеттерін тарату сынды басқа да негізгі ұйымдастыру шараларымен айналысатын референт болғанын білдік. 
Байқоңырлық отандастарымыз бен ресейлік атқарушы органның өкілдеріне бастауыш ұйымдағы қадірлі қызметімен біршама танылып үлгерген билік партиясының жергілікті белсенділерінің бірі енді міне қылмыстық қитұрқылықтары арқылы жалдық сипаттағы өңірдің жұртшылығына жағымсыз жағымен әйгіленуде. Жасы отызға да жетпеген жап-жас келіншектің төрт перзенттің тұңғышы ретінде қарапайым отбасында тәрбиеленгенін білетіндердің: “Оның өздігінен мұндай алаяқтық қадамдарға тәуекел жасап, жеке дара қимылдауы мүмкін емес. Сондықтан бағыт-бағдар беріп, теріс жолға түсуіне итермелеген негізгі ұйымдастырушыларын да қоса құрақтау қажет” – дейтін пікірдердің де жаны бар сияқты.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ, журналист. Байқоңыр қаласы.

0 пікір