Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5220 0 пікір 22 Қаңтар, 2016 сағат 10:20

"БIР ЖАПЫРАҚ НАН БЕРШI..." ДЕГЕН СИЯҚТЫ ҒОЙ

“Оралмандар депутат болсын” бастамасын көтерушiлердiң бiрi Ауыт Мұқибекұлы “Жас Алаш” газетiнiң сұрақтарына былай жауап бердi:

– Депутат болуға дайынсыз ба?
– Кiм, мен бе?
– Иә, сiз?
– Бiз “мынау адам депутат болсын” деп еш­кiмдi ұсынған жоқпыз. Бiр миллион қазақ (шеттен келген ағайын санын айтып отыр – ред.) iшiнде мен бiр-ақ адаммын. Олар өзара ақылдасып, “бiр адамды ұсынамыз” десе, ұсынатын шығар. Әйтпесе, “Нұр Отан” өзi таңдар. Шеттен келген ағайын iшiнде “Нұр Отанға” мүше менен де басқасы көп қой.
– “Оралмандар депутат болсын” деген ұсыныс арқылы бөлектенiп жатқан жоқсыздар ма? Қалай қарасақ та, Қа­зақ­станның тең құқылы азаматы емес­сiздер ме?
– Бөлiп жатқан жоқпыз, бiрақ, кейде бөлi­нiң­кiреп тұрғанымызды байқап қаламыз ендi. Оны адамдар мақсатты түрде бөлмейтiн шығар, байқамай қалып деген сияқты. Бiрақ “алыс­тан келген ағайын ғой” деген сияқты көзқарас бар. Өзiндiк бiр әлеуметтiк топ екенiмiз бiлiнiп қалады. Әрине, бөтенсiп жатқан ешкiм жоқ, Құдай сақтасын! Дегенмен, алыстан келген ағайын iшiнен жиырма жылғы тарихымызда әкiм не әкiм орынбасары, әйтпесе, министр, министр орынбасары, қос палатада депутат дегендi көрге­нiмiз жоқ.
– Өтiнiштi билiк партиясына айтыпсыздар. Басқа партия арқылы депутат болуға болмай ма?
– Неге болмасын? Билiк партиясы елдегi жағдайға, саясатқа, көшi-қонға жауапты. Сондықтан, өтiнiш сол жаққа айтылды. Оның ал­дын­да партия төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбекке де елдегi оралман мәселесiне көңiл аударуға ашық хат жазғанбыз. Жалпы, бiздегi партиялардың бiрде-бiрiнiң тұжырымдамасына оралман мәселесi енбеген. Басқа партиялар осы олқылықтың орнын толтырып, оралмандарға депутаттық мандат берiп жатса, қарсы емеспiз.
– “Бiр-екi оралман депутат болсын” дейсiздер. Төрт-бесеу немесе он-он бес “оралман” депутат болса, көптiк етпес?
– Көп болса тiптi жақсы. “Бiр-екi” деп айт­қанымыз ауыз-екi сөйлеу тiлiндегi тiркес. “Бiр жаңқа түсiршi”, “бiр жапырақ нан бершi....” дейдi, сол сияқты ғой.  
– “Нұр Отан” тiлектерiңiздi құп көрмесе, “оралманға” депутаттық мандат бермесе, партия қатарында қала бересiздер ме?
– Қала беремiз. Бұл жерде өк­пе, ренiш жоқ. Бiрақ айту – бiздiң мiндетiмiз. Болсақ деген арманымыз. Бiзде, алыстан келген ағайында елi­мiзге үлесiмiздi қоссақ, мем­лекетiмiзге жұмыс жасасақ, қандасымызды осы жерге орнықтырсақ дегеннен өзге ой жоқ.
– Айтпақшы, депутаттыққа қатысты өтi­нiштерiңiздi ресми түрде “Нұр Отанға” тапсырдыңыздар ма?
– Иә, тапсырдық. 2015 жылдың 29 қазанында “Нұр Отанның” жауапты хатшысымен жолықтық. Бұл кездесуге бiрнеше депутат қатысты. Бiз, алыстан келген ағайын билiк партиясына жақындайық, билiк партиясы тұжырымдамасының бiр бөлiмiн көшi-қон, шетелдегi қандастар­ға арнасын деген өтiнiш айттық. Осындай бес талаптың бiрi – шеттен келген ағайынның депутат болуы.
– Осы кездесуден кейiн “Нұр Отанға” мүше болдыңыз..
– Иә, мүшелiкке өттiм.
– Ал партия хатшылығынан жауап алдыңыз ба?
– Әзiрге жоқ.
– Өтiнiштi қазан айында тапсырған кезде қаңтарда кезектен тыс парламенттiк сай­лау туралы бастама боларын бiлдiңiз бе?
– Жоқ, бұл ендi кездейсоқтық.
– Әңгiмеңiзге рақмет!
Жасұлан АҚКЕР
Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616