Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3471 0 пікір 26 Қаңтар, 2016 сағат 09:58

ТӘЖІКСТАН БИЛІГІ ИНТЕРНЕТТІ БАҚЫЛАУЫНА АЛДЫ

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Біріңғай коммутациялық орталық ашу жөніндегі қаулыға қол қойды.

Құжатта көрсетілгендей, жылдың соңына дейін барлық операторлық байланыс пен провайдерлар халықаралық қызметті тек ғана жаңа құрылым бойынша көрсетеді.

Сарапшылардың пікірінше, коммутациялық орталық бірінші кезекте үкіметтік құрылымға қажет кезінде интернет байланысын үзуге мүмкіндік береді.

Мамандар болса, орталық қауіпсіздіктің алдын алмайды, керісінше қауіп төндіреді деп отыр.

«Бізге барлығы да ақпараттық қауіпсіздік үшін жасалынып жатыр дейді. Бірақ барлық мобилді операторлар тек бір жүйемен қызмет ететін болса, қалайша қауіпсіз болмақшы?», - деп наразылығын жеткізеді Тәжікстанның интернет провайдерлер қауымдастығының төрайымы Парвина Ибодова. Оның түсіндіруінше, егер хакерлік шабуыл жасалса, Тәжікстан бойынша барлық байланыс үзіледі.

Сарапшылардың айтуынша, екінші қауіп, нарықты монополизациялау сапаның төмендеуіне әкеледі. Мемлекеттік телеком компанияларына қанша жерден қолдау болғанымен, елде алғашқы бестіктің қатарына кірмейді екен. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606