Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
46 - сөз 6434 0 пікір 26 Қаңтар, 2016 сағат 14:06

ЕШКІМ ПЕРІШТЕ ЕМЕС

Барлықтарыңда эмоция, шыдамсыздық, жағымсыз қылық бар. Иә, мен дөрекі сөйлеймін, ұнамаған дүниемді бетке айта саламын, кейде ашуланғанда қыз болсам да боқтаймын.

Мен ол үшін мақтанып тұрғаным жоқ, жай пенделік деген дүние болады. Кейде еркелейсің, кейде жылап та аласың, танымайтын адамға, өйткені адамның жүйкесі əрқашан мықты бола бермейді. Кез келген адам қателік жасайды, мейлі ол жұлдыз болсын, соны енді бүкіл əлемге паш ете беру керек пе?

Қоғамда болып жатқан барлық жаман дүниенің бəрі, адам шындықты қабылдай алмайтындығында. Жалған, маска киген өмірде сүріп жатыр бəрі, бір бірін өтірік күліп алдап. Əдемі сөйлеп, əдемі көрінгісі келіп, əдемі жазып, шын өмірде іші сасып тұрса одан қандай жақсылық іс күтуге болады. Бəрі жұлдыз болғысы келеді, оңай жолы адамды видеоға түсіру мен əдемі жазып, сөйлей білу. Шындықты айтып ауыр сөйлегенім үшін тозақта мен-ақ жатайын, адами періштелер сендер аман болыңдаршы!

Айгүл Орынбек

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір