Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 6865 0 пікір 27 Қаңтар, 2016 сағат 12:00

САЙЛАУБЕК: "ЕЛБАСЫНЫҢ САЯСАТЫН ҚОЛДАЙМЫН"


Кеше «Abai.kz» ақпараттық порталында жарияланған «Сайлаубек сайлауға түсетін болды» (http://abai.kz/post/view?id=6460) деген материал әртүрлі қоғамдық  пікір туғызып, ел-жұртты біраз дүрліктірді. Кешкі уақытта порталымызға салынған сол бір алақандай ғана сұхбат түнімен әлеуметтік желілердің бас тақырыбына айналып талқыға түсті. Ал, енді бүгін таң атпай МС-дің екінші продюсері Бақытжан Жүнісбеков хабарласты. «Сайлауға қатысты тағы да айтарымыз бар еді» деген соң, Бақытжанмен аз-кем әңгімелестік. Ол азамат бізді МС Сайлаубектің өзімен де тілдестірді. МС не деді, сайлау жайлы не ойлайды? Біле отырыңыз... Мархабат!

Бақытжан Жүнісбеков, МС Сайлаубектің продюсері:

– Бақытжан, бізге не айтпақшы едіңіздер? Кешегі ойларыңызға алып қосарларыңыз бар ма?

– Сайлаубектің атын атасы қоймаған. Кеше Асылан сәл қателесіп кетіпті. Дұрысы Сайлаубек деген атты әкесі таңдаған. Әкесінің досы 1975 жылдың 15 маусымында сайлауға қатысқан екен. Сол сайлаудың құрметіне Сайлаубек деген атты иемденіпті.

– Әкесі саясатқа жақын болған ба, сонда?...   

– Әрине, ол кісі өз ауылындағы мектептің директоры болып қызмет еткен. Кейіннен аудандық білім бөлімінде инспектор болған. Сайлаубектің Біржан, Бақытжан, Ғалымжан деген бауырлары бар. Бауырларының бәрінің есімінің соңы «жан»-мен бітеді. «Бек» атанған жалғыз Сәкең ғана.

– Ал, көріпкел атасы жайлы әңгіме ше? Ол кісі немересінің атын қойғаны өтірік болғаны ма?

– Сайлаубек өзі солай ойлап жүріпті. Мен мамасымен сөйлестім. Сол кісі айтты, бұл жайтты. Біз Сайлаубектің өмірбаяны жайлы кино түсіріп жатырмыз. Алла қаласа, түсірілім наурыз айында басталады.

Бақытжан, енді біз Сайлаубектің өзімен сөйлесе аламыз ба?

– Әрине...

МС Сайлаубек әнші: «ЕЛБАСЫНЫҢ САЯСАТЫН ҚОЛДАЙМЫН»

 – Сайлаубек, депутаттыққа кандидаттығыңды шынымен ұсынатын болдың ба? Жалпы, БАҚ пен әлеуметтік желілерде айтылып жатқан жайттардан хабарың бар ма?

– Әрине, бастапқыда депутат болу ойда болды. Бірақ, қазір айнып қалдым.

– Сайлауға түсу үшін партияға мүше болу керек қой...

– Қазірше партияға өтпеймін.

– Бүгінгі саясатқа көзқарасыңыз қандай?

– Мен Елбасымыздың саясатын қолдайтын адаммын. Сондықтан түрлі саяси акцияларға қатыспағаным дұрыс деп шештік.

Бақытжан Жүнісбеков, МС Сайлаубектің продюсері:

Енді әңгімені, Бақытжан, сіз жалғастырсаңыз... Жалпы, кеше «сайлауға түсеміз» дегендеріңіз жай ғана пиар болғаны ғой?

– Бұл пиарды Телібеков мырза жасап берді емес пе?.. Сонан кейін өздігінен жалғасып кетті. Біз кәдімгідей ойланып қалдық. Десе де, Сайлаубек өзі айтты ғой, бір шешім қабылдадық. Біз бұл сайлауға қатыспаймыз.

– Қатысқан жағдайда не болар еді?

– Бұл жайында ештеңе айта алмаймын. Кешегі жағдайлар бізге мүмкіншіліктің көп екенін көрсетті.  Шындап кірісетін болсақ, депутаттыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені, Қазақстандағы екі адамның бірі Сәкеңді таниды. Саясатпен айналысып жатсақ, бізді халықтың 75 пайызы қолдайды деп сенімді түрде айта аламын.

– «Телібеков мәлімдемесі арқылы Парламент Мәжілісін МС Сайлаубектің деңгейіне теңеді» деген пікірлер айтылып жатыр. Бұған не дейсіз?

– Телібеков өзіне жарнама жасады. Одан басқа түк те емес. Ал, деңгей мәселесіне келсек, Сайлаубектің танымы күн өткен сайын өсіп келеді. Өнері де шыңдалып жатыр. Мұндай уақытта ол кісіге саясаттан гөрі өнерімен болғаны, шоу бизнесте жүргені тиімді.

– Сәкең «өнерде» жүрсе, депутаттардан көп ақша табады демекшісіз ғой.

– Депутаттан артық табады деуге келмейтін шығар. Депутаттардың мүмкіндігі жоғары ғой. Шоу бизнес пен Мәжілісті салыстыруға келмейді. Шоу бизнестің өзіндік қырлары бар. «Сайлаубек аз ақша табады» деп те айта алмаймын.  

Әңгімеңізге рахмет!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3500