Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Мәйекті 6333 0 пікір 27 Қаңтар, 2016 сағат 16:13

ПУТИН «ИНФАРКТ» АЛДЫ

Бүгін ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары РФ Президенті Владимир Путиннің денсаулығының күрт нашарлауына байланысты арнайы әскери жасақ Қызыл алаңды жауап тастағаны және Кремль қақпасынан реанимомобильдің шыққанын хабарлап, дабыл қағуда.

Ресейлік сайттардың жазуынша, соңғы кездері РФ Президенті Владимир Путинді бірнеше мәрте жүрек сырқаты мазалаған. 26 қаңтар күні кешкі уақытта Кремльге «жедел жәрдем» көлігі келіп кірген. Осы оқиғадан кейін арнайы жасақ әскерилері Қызыл алаңды толықтай жауып тастаған.

Мәскеулік полицейлердің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Қызыл алаң «арнайы шара» үшін жабылған-мыс. Естеріңізде болса, кеше порталымызда (http://abai.kz/post/view?id=6458) Ресей Президенті Владимир Путиннің бұрынғы әйелі Людмила Путинаның өзінен 21 жас кіші азаматқа тұрмысқа шыққаны туралы жазған едік. Кейбір сарапшылар Ресей президентінің жүрегіне бұрынғы әйелі Людмиланың басқа күйеуге тиюі қатты әсер етуі мүмкін екенін айтып жатыр. 

Abai.kz

0 пікір