Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3181 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 06:14

Банктердің жұмысы кәсіпкерлердің көңілінен шықпайды

Талдықорғандағы «Достық» үйінің мәжіліс залында «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық Палатасы Алматы облысы бойынша филиалының конференциясы өтті. Оған «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық Палатасының төрағасы Азат Перуашев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Тәкенов, шағын және орта кәсіпкерлікке қатысы бар облыстық басқармалар мен департаменттердің  басшылары және аталған Палатаның Алматы облысы бойыншы филиалының басқарма мүшелері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар, журналистер қатысты. Бұл жолғы конференцияда негізінен үш мәселе қаралды. Оның біріншісі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстардағы жеке кәсіпкерлік пен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасы сөз болды. Екінші кезекте Үкіметтің экономиканың нақты салалары мен секторларын қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларын орындауғы қатысты әңгіме қозғалса, ең соңынан ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Талдықорғандағы «Достық» үйінің мәжіліс залында «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық Палатасы Алматы облысы бойынша филиалының конференциясы өтті. Оған «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық Палатасының төрағасы Азат Перуашев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Тәкенов, шағын және орта кәсіпкерлікке қатысы бар облыстық басқармалар мен департаменттердің  басшылары және аталған Палатаның Алматы облысы бойыншы филиалының басқарма мүшелері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар, журналистер қатысты. Бұл жолғы конференцияда негізінен үш мәселе қаралды. Оның біріншісі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстардағы жеке кәсіпкерлік пен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасы сөз болды. Екінші кезекте Үкіметтің экономиканың нақты салалары мен секторларын қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларын орындауғы қатысты әңгіме қозғалса, ең соңынан ұйымдастыру мәселесі қаралды.
Астанадан арнайы ат арытып жеткен «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық Палатасының төрағасы Азат Перуашев бүгінгі басқосудағы алға қойған мақсаттарға жан-жақты тоқталып, Елбасының арқасында экономиканың нақты салаларын қолдауға бұрын болып көрмеген дәрежеде қаржылардың бөлініп жатқанын, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға да баса назар аударылып отырғанын айта келе, осыған орай еліміздегі кәспкерлер Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы міндеттерді толыққанды жүзеге асыруға, дағдарысқы қарсы шаралардың жемісті болуына бір кісідей атсалысулары қажеттігін көлденең тартты. Бүкіл әлемді алаңдатып отырған қаржылық дағдарыс кезеңінен мемлекетіміздің өз мәртебесіне көлеңке түсірмей, халықтың жағдайын төмендетпей шығуына кәсіпкерлердің де қомақты үлес қосатынына сенімін білдірді. Сонымен бірге конференцияға жиналғандарды дәл қазір өздерін алаңдатып отырған проблемаларды ашық әрі белсенді түрде білдіруге шақырып, олардың оңды ұсыныстары мен түйінді мәселелерін республикалық дәрежедегі тиісті орындарға жеткізуді өз мойынына алатынын мәлімдеді. Бұдан соң «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық Палатасының Алматы облысы бойынша филиалының су жаңа төрағасы Нұрлан Жазылбеков сөз алып, дәл қазіргі кездегі жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
– Өздеріңізге мәлім, 2005 жылдың 24 наурызында өткен кәсіпкерлердің бірінші конгрессінде Елбасының қолдауымен мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығын орнату мақсатында Қазақстиан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің «Атамекен» Жалпыұлттық Одағы құрылып, іле-шала оның барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары жасақталған болатын. Содан бергі қысқа ғана мерзім ішінде аса ауқымды жұмыстарды жүзеге асырған ұйым Қазақстанның Ұлттық Экономикалық Палатасы деген мәртебеге ие болғанына да біраз уақыт өтті. Оның құрамында машина құрылысы, құрылыс индустриясы, қаржылық сектор, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, мұнай мен газ, металлургия, тау-кен кәсіпорындары, сауда және тағы басқа да экономика салаларының мүдделерін қорғайтын республикалық салалық қауымдастықтар бар. Қазіргі кезде ҰЭП заң шығарушылықты қоса алғанда, мемлекеттің барлық экономикалық саясатын жасауға және жүзеге асыруға белсене қатысады. Алайда, жұмыстарының басымдық бағыттарының бірі мемлекетпен қарым-қатынасының барлық салалары бойынша жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қорғау мен қолдау болып табылады. Мұны бұқаралық ақпарат құралдарынан күнделікті байқай аласыздар. Осынау қыруар жұмыстарды жүзеге асырып отырғандар қатарында ҰЭП-ның Алматы облысы бойынша филиалы да барлығын сеніммен айта аламын. Бүгін біздер алдағы кездері біздің ұйымның жұмысындағы баса назар аударылар тұстарға тоқталғым келеді.
Біріншіден, отандық бизнестің өзекті проблемаларын анықтау қажет. Мұндайлар қатарына заңдық сипаттағы әкімшілік кедергілердің қосылатынын жоққа шығара алмаймыз. Атап айтқанда, кез келген мемлекеттік қызметте тұтыну үшін іс жүзінде қажет емес көптеген құжаттар талап етіледі және оларды жинау үшін  алтын уақытты сарп етеміз. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес те өз  өзектілігін жойған жоқ. Осыған орай «Атамекен» Одағының өкілдері өздері мүшесі болып табылатын кеңестер мен ұйымдарда қоғамның осынау дертіне қарсы батыл шаралардың жүргізілуіне ұйытқы болғаны жөн. Кәсіби шеберлікті де көңілден таса қалдыруға болмайды. Сонымен бірге отандық кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің салмағын азайтып алмауымыз керек. Осыларды толыққанды орындағанда ғана кәсіпкерлердің іскерлік мәртебелері артып, мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың оларға деген сенімі барынша артады.
Баяндамашыдан соң жарыссөзге шыққандардың барлығы дерлік  бастапқы несиелендіру мен қайта қаржыландыруға байланысты банкттер жұмысына көңілі толмайтындықтарын, БАҚ-тарда жарияланған талаптарға қосымша құжаттар сұрап, қосалқы талаптар үстемелеп, үміттеніп барған кәсіпкерлердің тауын шағатынын айтып, осы мәселелерді шешуге «Атамекен» Одағының» атсалысуын өтінді. Жаркенттік кәсіпкер Қ. Ахметжанов, Қапшағайдағы «Полимертруб» ЖШС директоры М. Андаржанова, Қарасай ауданынан келген бизнесмен Қ. Ибрагимов, Көксу ауданындағы «Стройтель» ЖШС директоры А. Бузыкин, Талдықорғандағы тұтынушылар қауымдастығының өкілі В. Файзуллин, осы қаладағы «Таным» ЖШС басшысы Қ. Дүзгенбаев және тағы басқалардың айтқанына қарағанда, банкттер мемлекеттен бөлінген қаржыны кәсіпкерлерге беруде енжарлық танытып, оларға заңсыз талаптар қойып отырған көрінеді.
Осынау кәсіпкерлерді ашындырып отырған мәселелерге орай сөз алған Азат Перуашев мемлекет басшысының осыдан біраз ғана бұрын банкттер жұмысын қатаң сынға алып, Үкімет басшысына нақты тапсырмалар жүктегенін, сондықтан жағдайдың дұрысталатын кезі жақын екендігін айтып, жетісулық бизнесмендерді абыржымауға шақырды. Қайта қаржыландыру мен кәсіпкерлікті несиелендіруге байланысты Үкіметтік деңгейде апта сайын селекторлық кеңестер өткізіліп жатқандығы да мәселенің күрмеуін тарқатуға себін тигізері анық.
«Алайда, қайта қаржыландыру мен несиелендіруге келгенде, бірінші кезекте отандық өнім шығарушыларды қолдауға көңіл бөлінетіні сөзсіз. Мемлекеттің ақшасын басқа елдерден тауарлар сатып әкеліп, оны өз елімізде үстемеліп сатуды кәсіп еткендер ала алмайды. Сондықтан ондайлардың жеңілдікпен берілетін несиеге ауыз ашпай-ақ қойғандары жөн. Біздер өз еліміздің патриоттары болуға тиіспіз. Сонда ғана мемлекетіміздің дамуына үлес қостық дегенді батыл айта аламыз» деді «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық Палатасының төрағасы.
Облыс әкімінің орыбасары Болат Тәкенов те ортақ іске орай пікірін білдірді. Банкттер жұмысына көңілі толмайтындардың жағдайын түсінетінін айта келе, алдағы кезде барлығының заң ауқымында болуы қатаң қадағаланатынын жеткізді. Елбасы Жолдауындағ айтылған міндеттерді жүзеге асырудағы, дағдарысқа қарсы шаралардағы жетісулық кәсіпкерлердің атқарып отырған жұмысы аса ауқымдылығына тоқталды. Алдағы кезде де мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер арасындағы түсінікті қарым-қатынас жарасымды жалғасын табатынына сенімін білдірді.
Конференциядағы негізгі мәселелерді қарау осылайша өзара түсіністікте аяқталды. Бұдан кейін ұйымдастыру мәселесіне кезек келді. Азат Перуашев ҰЭП-ның Алматы облысы бойынша филиалы басқармасының бұрынғы төрағасының жұмысына біраз орынды сындар айта келе, бұған дейін Қарасай аудандық филиалының басқарма төрағасы болып келген Нұрлан Жазылбековты облыстық филиал басқармасына төраға етіп сайлауды дауысқа салды және залда отырғын ҰЭП мүшелерінің барлығының қолдауына ие болды. Бұдан соң филиалдың бұған дейінгі басқарма мүшелерінің санын тоғыз адамға дейін қысқартуды ұсынды және жаңа басқарма мүшелерінің есімдерін атап-атап көрсетті. Бұл ұсыныс та бірауыздан қолданды.  Бұл жолғы конференцияда біраз дау туғызып, азды-көпті қарсылыққа тап болған мәселе – облыстық филиалдың директорын тағайындау болды. Жабық конкурсқа қатысқан алты үміткердің ішінен директорлық лауазымға қойылатын барлық талаптардан шыққан кәсіпкер Алмаз Қазанғаповтың директор болуына қарсылық білдіргендер де кездесті. Дегенмен,  бұл мәселе де оң шешімін тапты. Осылайша Талдықорған қаласында өткен «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық Палатасының Алматы облысы бойынша филиалының конференциясында Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мен дағдарысқа қарсы тұру шараларына жетісулық кәсіпкерлер қосар үлес анықталып, облыстық филиал басқармасының төрағасы мен филиал директоры және басқарма мүшелері сайланды.

 

 

 

«Жол қартасын» орындау – дағдарысқа тойтарыс береді

 

Қаржылық дағдарысқа қарсы тұрып, әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап қалу мақсатында қолға алынып жатқан жобалар мен шаралар арасында «Жол картасының»  алар орны үлкен, атқарар міндеті салмақты. Алматы облысына «Жол картасы» аясында барлығы 12 млрд. 744 млн. теңге қарастырылса, оның 7 млрд. 767 млн. теңгесі республикалық бюджет және 4 млрд. 977 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен бөлінген. Енді алда күтіп тұрған басты міндет – осы қомақты қаржыны мақсатты әрі тиімді жұмсап, дағдарыс әкелер бамты  проблемалардың бірі – жұмыссыздықтың жолына тосқауыл қою. Осы мақсатта алдағы кездері 19597 жұмыс орны құрылады деп жорамаладанған. Сондықтан ба болар, дағдарысқа қарсы тұру шараларының алғашқы нәтижелері қаралып, «Жол картасы» ауқымында атқарылар істердің бастапқы сатылары пысықталған кеңесті облыс әкімі Серік Үмбетовтың өзі ашып, облыс экономикасының бірде-бір саласының дағдарысқа қарсы күрес шараларынан тысқары қалмауын, маңызды жобаларды жүзеге асыруға бір кісідей атсалысуларын талап етті. Көңілден шықпай отырған көріністерді де жасырып жаппай ашық айтып, алдағы уақытта дағдарысқа қарсы штабтың жұмыс нәтижесі, оның ішінде жұмыссыздыққа тосқауыл қоюға қатысты шаралар барысы қатаң сұралатынын ескертті.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың баяндауына қарағанда, дағдарысқа қарсы күресті үйлестіруге тиісті штаб отырысы апта сайын өткізіліп, сол жеті күн ішінде қалыптасқан жағдайларға толыққанды мониторинг жасалып, алда атқарылар жұмыстар пысықталып отырады екен. Соның арқасында және тағы басқа жұмыстар нәтижесенде облыстағы жұмыссыздық жағдайы дәл қазіргі кезде асқына қоймаған. Облыс көлемінде жүзеге асырылуға тиісті жобалардың барлығы орталық басшылық тарапынан қолдау тауып, бекітіліпті.  Ал «Жол картасына» келер болсақ, жоғарыда көрсетілген аса қомақты қаржының қай бағыттарға жұмсалатыны анықталыпты. Мұндағы баста назар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының жөндеу жұмыстарына аударылмақ. Атап айтқанда, аталған мақсатта белгіленген 49 жобаны орындауға барлығы 4778 млн. теңге жұмсалмақ. Аталған жобалардың 12-сі сумен қамтамасыз ету, 7-еуі кәріздік, 9-ы жылумен қамтамасыз ету, 2-еуі газбен қамтамасыз ету және 17-сі қалаларды абаттандыру нысандары болып табылады. Сондай-ақ, жол жөндеу жұмыстарына 2784 млн. теңге қарастырылып, осы қаржыға 48 жобаны орындау ойластырылыпты. Мұнда облыстық дәрежедегі 29 автожол, аудандық дәрежедегі 19 автожол бар.
Білім мен денсаулық сақтау және тағы басқа да әлеуметтік нысындардың жөндеу жұмыстарына 3144 млн. теңге бөлініп, осы қаржыға барлығы 83 нысанды жөндеу жоспарланған. Олардың ішіндегі 50-і білім, 26-ы денсаулық сақтау, біреуі әлеуметтік қорғау салаларының нысаны болса, жөнделетін мәдениет нысандарының саны төртеу және оларға қосымша тағы екі спорт нысаны бар. «Жол картасынан» ауылдардың әлеуметтік-мәдени нысандары да тысқары қалмайды. Оларды жөндеуге 2039 млн. теңге қарастырылып, барлығы 56 жоба жүзеге асырылмақ.
Ендігі мақсат – бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану. Осы орайда облыс әкімі мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушыларды анықтау жөнінде тиісті өкім қабылдапты. Соған сәйкес, «Жол картасы» бағыттары бойынша төмендігелер әкімшілер және мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушылар болып табылады:
– «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарындағы жөндеу жұмыстары»  бойынша әкімші – энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушылар– энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Талдықорған қаласының әкімдігі (Талдықорған қаласындағы жұмыстар бойынша);
– «Жол жөндеу жұмыстары» бойынша әкімші – жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушылар – жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, көшелер мен  аудандық дәрежедегі жолдар бойынша аудандар мен қалалар әкімдері;
– «Мектеп, аурухана және тағы басқа әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары» бойынша әкімшілер – білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, туризм, спорт және дене тәрбиесі басқармасы, мәдениет басқармасы, облыстық нысандар бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушылар – тиісті басқармалар, аудандық нысандар бойынша аудандар мен қалалар әкімдері;
– Ауылдар мен селолардағы әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеу жұмыстары» бойынша әкімші – экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушылар – аудандар әкімдері.
Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөлінген қаражатты бөлу және оларды ай сайын қаржыландыру мамыр-қараша айларына жоспарланған. Соның ішінде мамыр айына 2107 млн. теңге қарастырылған. Осыған байланысты аудандар мен қалалар әкімдері мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тез арада мақсатты трансферттер бойынша келісімге қол қою қажет.
«Жол картасын» орындау бойынша қарастырылған қаражат мемлекеттік сатып алулардың айырықша тәртібі бойынша пайдаланылатын болады. Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгертулерге сәйкес, конкурстар өткізу бойынша мерзімдерді қысқарту жоспарланған.
Бағдарламалар әкімшілеріне жұмыстарды жүргізгенге дейін және кейін фото және бейне түсірілімдер жасау қажет. Аудандар мен қалалар әкімдері облыстық әкімшілерге апта сайын жобаның орындалу барысы жөніндегі жедел ақпарат, ай сайын игерілген қаражат пен орындалған жұмыс көлемі туралы есеп берулері керек. «Жол картасын» орындау бойынша жұмыстарды үйлестіру үшін облыстың аудандары мен қалалары облыс әкімі орынбасарлары, мәслихат хатшысы, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарма бастығы араларында бөлініп, бекітіліп берілген.
Кеңесте қаралған екінші мәселе – меморандумға қол қою бойынша келісімшарттар жасау туралы жағдайға келер болсақ, Талдықорғанға ақпан айында жолы түскен Премьер-министрдің орынбасары Ө. Шөкеевтің сапары кезінде облыстағы 22 кәсіпорын Қазақстанда жасалған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша 9 министрлікпен, ұлттық компаниялармен және жер қойнауын пайдаланушылармен тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізу жөнінде барлығы 19150 млн. теңгенің 66 меморандумына қол қойған болатын. Ал, 4 мамырындағы дерекке сәйкес,  қол қойылған меморандумдар ауқымында жалпы сомасы 407,4 млн. теңгеге 6 келісімшарт жасалыпты. Бұл бағыттағы жұмыстар алда да жалғасын таба бермек.
Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі «Жол картасын» орындауды облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі әрбір басшының назарда ұстауын және қарастырылған қаржының мақсатты жұмсалуын көзден таса етпеуін қатаң тапсырды. Дағдарысқа қарсы тұруға арналған жұмыстарды алдағы кезде тағы да пысықтап, барлық мүмкіндіктерді толыққанды іске қосудың қажеттігнеде ерекше  тоқталды.

 

 

Болат Абаған, Алматы облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3624