Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 5286 0 пікір 28 Қаңтар, 2016 сағат 12:59

ҚАНДАСТАРДАН КІМ ДЕПУТАТТЫҚҚА ЛАЙЫҚ?

Соңғы күндері оралман ағайындарымыздан Мәжіліске депутат ұсыну мәселесі екіұдай пікір қалыптастырған сыңайлы.

Өз басым қандастарымызды "оралман" атауға түбірімен қарсымын. Қытайдан келді деп жүрген қазақтар 1864 жылы орыс пен қытай қазақпен санаспай, өз қалауынша шекара бөлгенде сызықтың ар жағында қалған қазақтың өз даласын мекендеп жүр. Біле, білсек Ата жұртында отыр. Өзбекке жеріміз өткені, тіпті, кеше емес пе?. Осы бір сөз етбауыр ағайынды, кейбір тоғышарларға жатбауыр көрсететін сияқты. 

Егемендікпен қатар келген қандастарымыз қазақ тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне, біліміне тың леп, жаңа тыныс қосты.

Бір ғана Жағда Бабалық Ата тұтас Иниститут ақаратын ұлан- ғайыр шаруаны жалғыз атқарып шыққаны жалған ба? 

Нығмет Мыңжан, Зырдыхан Қинаятұлы, Нәбижан Мұқаметқанұлы, Бақыт Еженхандар қазақ тарихының бізге беймәлім тұтас дәуірлерін ашып берді. 

Тұрсынхан Зекенұлының оза шауып Бас бәйге алған "Көк бөрілердің көз жасы" романы менің ойымша, соңғы жиырма жылдағы 10 үздік кітаптың бірі.

Қаржаубай Сартқожа біз "Орхон- Енисей" жазбалары деп оқыған бітік тастардағы советтік- қазақ ғалымдары жіберген қанша қатені түзетті.

Майра Мұқаметқызы опера саласының бүгінгі ең танымал әншісі екені рас қой. Ол өзімен бірге бізге беймәлім қыруар әнді де ала келді. Шұғыладай бишісімен қай ел де мақтана алады.

Ауыт Мұқибек бір өзі үш Министрліктің жүгін көтеріп жүр. 

Енді, мынаны қараңызшы, не бір можантопай мен билікқұлдар ие болып жатқан деупутаттық мандаттың бірнешеуін осындай айтулы тұлғаларға берсек Мәжілістің бір жері қисайып қала ма? Жоқ! Керісінше, Ұтамыз.

Камал Әбдірахман

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530