Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3890 0 пікір 29 Қаңтар, 2016 сағат 11:46

ҚЫРҒЫЗСТАН ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТЫН ДАЙЫНДАУДА

Қырғыз президенті әкімшілігінің жетекшісі Фарид Ниязов сарапшылар тобына 2016 жылдың маусымның 1-не дейін Қырғызстанның ақпараттық саясатының жобасын әзірлеуді тапсырды.

Орталық Азия жаңалықтары Қызметіне бұл туралы президент әкімшілігінің ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Алмаз Үсенов хабарлады.

Оның айтуынша, тұғырнама жобасына елдің ақпараттық кеңістігін дамытуға байланысты жұмыстардың бағытын енгізу, сонымен бірге заман талаптарына сай ақпарат жинау, жасау және таратуға қатысты барлық мәселені қамту және бұл орайда сөз бостандығы қағидалары мен ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескеру секілді талаптар қойылған.

Сарапшылардың жұмыс тобына азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен іріктелген 16 адам кіреді.

Abai.kz

 

0 пікір