Жұма, 26 Сәуір 2024
Қоғам 6996 0 пікір 29 Қаңтар, 2016 сағат 17:45

ПУТИН "КОРРУПЦИОНЕР" МЕ?


 

АҚШ қаржы министрлігі өкілінің Ресей президенті Владимир Путиннің коррупцияға қатысы бары туралы мәлімдемесі Вашингтонның ресми ұстанымын білдіреді. Осылай деп Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест мәлімдеді.

 

 

Осы аптаның басында АҚШ қаржы министрінің терроризм және қаржылық қылмыстық істері жөніндегі орынбасары Адам Шубин BBC-ге берген сұхбатында АҚШ Путинді коррупциялық жолмен байыды деп санайтынын айтқан.

"АҚШ қаржы министрлігі өкілінің бағалауы президент әкімшілігінің пікірін білдіреді" деген Эрнест АҚШ Путинге санкция сала ма деген сұраққа жауап бере алмады. Оның сөзінше, санкция салу мәселесі қаржы министрлігінің құзырында.

25 қаңтарда BBC One телеарнасы "Путиннің құпия байлығы" (Putin's Secret Riches) деп аталатын жарты сағаттық фильм көрсеткен. Фильмде Адам Шубин де сөйлеген.

Сұхбатта Шубин Путинді коррупцияға қатысы бар және Вашингтон Ресей президентінің "серіктері мен жақын достарын қалай байытып, өзіне дос санамайтындар мен мемлекеттік активке ие еместерді қалай оқшаулайтынын" көріп отырғанын айтқан.

26 қаңтарда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ қаржы министрлігі Путинге таққан айыптарын дәлелдеуі керегін, бірақ Мәскеу оны талап етпейтінін мәлімдеген. Ол фильмде айтылғандарды "ойдан шығарылған жала жабу" деп атаған.

 

Аbai.kz

0 пікір