Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2377 0 пікір 11 Маусым, 2010 сағат 10:06

Назарбаев ШЫҰ елдеріне ТЖ алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі бірыңғай орталық құруды ұсынды

Ташкент. 11 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің басшыларына төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі бірыңғай орталық құруды және оны Қазақстан аумағында орналастыруды ұсынды.

«Төтенше жағдайлар мен техногенді катаклизмдердің жиілеп кеткенін ескере отырып, ТЖ алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі орталық құру қажет деп есептейміз, оны Қазақстан аумағында орналастыруға болады», - деп мәлім етті Н.Назарбаев жұма күні Ташкентте ШЫҰ саммитінде.

Сонымен қатар, ол ШЫҰ елдерінің энергетикалық саладағы кооперациясын тереңдету керектігін айтты.

.  «Бүгінгі күні ШЫҰ-да қуат ресурстарын өндірушілердің де, тұтынушылардың да, транзиттеушілердің де мүдделерін толыққанды ескеретін энергетикалық қоғамдастық құру үшін қажет жағдайдың бәрі бар», - деді Қазақстан президенті.

0 пікір