Жұма, 4 Желтоқсан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 134706. Жазылғандар — 118643. Қайтыс болғандар — 2034
46 - сөз 3312 0 пікір 1 Ақпан, 2016 сағат 10:38

ӘРТІСТЕРДЕН ҚҰРЫЛҒАЛЫ ЖАТҚАН ПАРЛАМЕНТІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Осыдан отыз жылдай бұрын орын алған шағын оқиғаны әңгіме қылайын. Бейімбет деген ағамыз бар, прокуратура органдарында қызмет істеп, қазір зейнет жасына жетуіне байланысты демалыста, оның Болат деген жан жолдасы, азаматтық қызметте болғасын әлі бір мекемеде басшылық қызметте жүр.

Екеуі отыз жыл бұрын, Ресейдің бір санаториясында қызық жағдайда танысқан екен. Маған Болат ағамыз өзі айтып берген. Санаторияға орналасқан соң, кешқұрым, бір әуелете айтқан қазақша әнді естиді, даусы зор, кең диапазонды дейді. Қазақстаннан келген мықты әншілердің бірі ғой, концерт қоюға келген деп ойладым, алайда шаршап жолдан келгесін жатып қалдым дейді. Ертесіне тағы солай қайталанады. Содан шыдай алмай әлгі дауыс естілген жаққа қарай жүрсе, қарсы беттегі ғимарат ішіндегі бөлмеден шығып жатыр екен. "Ассалаумағалейкум" деп кіріп барсам, бір топ Қазақстаннан келген азаматтар отыр дейді. Танысып, амандық-саулық сұрасып, жөн білісе келе, әлгі зор дауыс иесінің Ресеймен көршілес Қазақстанның бір ауданының білдей бір прокуроры екенін естіген Бөкең, "Өй мен Сізді әртіс екен деп ойласам" деп қойып қалады ғой. "Әуелгіде, бөлмеде бір жайсыз тыныштық орнады" дейді, артынан Бейімбет ағамыз жарылды дейді, "сен мені қайдағы бір әртіске теңедің, әртіс дедің" деген сияқты. Бөкең өзі Ресейдің қазағы, ондай қазақы мінезді түсіне бермейді, не болса да өзінің қатты қателік жібергенін біліп, әкелеп-көкелеп жүріп, екі күн дегенде Бейімбет ағамыздың кешірімін әрең алыпты.

Есесіне кейіннен қатты жолдас болып кетсе керек, қазір ол екі ағамызда Орал қаласында тұрады, орталарында өте сыйлы азаматтар. Мен бұл оқиғаны Бөкеңнің өз аузынан естігем. Естіген құлақта жазық жоқ деген, естігенімді жазып отырмын.

P/S: Әртістерден құрылғалы жатқан жаңа Парламентіміз құтты болсын, әжем айтпақшы, артының қайырын берсін, әйтеуір...

Абзал Құспан 
Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір